15 жастағы қыз 32 жастағы азаматқа тұрмысқа шықты

15 жастағы қыз 32 жастағы азаматқа тұрмысқа шықты
Фото: http://fototelegraf.ru/

15 жастағы Назоин 32 жастағы Мұхамед атты азаматқа тұрмысқа шықты. Қыз бен жігіт тұратын Бангладеш қаласының тұрғындары қыздар үшін ерте тұрмысқа шығудың пайдасы мол екенін айтады. Осылайша оларды өзгелердің зорлық-зомбылық көрсетуінен сақтандыратын көрінеді. Оның үстіне ер азамат өз әйелін ақшамен қамтамасыз етіп, қалаған керек-жарағын алып береді екен.  

Қыз бала үшін тұрмысқа шығатын күн - ең бақытты шағы. Алайда қыз жылап отыр. 

Тойға дайындалуға туған-туысқандары ғана емес, көршілері де көмектеседі. 

Бұл мемлекетте балаларды ерте үйленуге мәжбүрлейді. 

Қыздардың көбісі отбасылық өмірге дайындықсыз баратындықтан, қатты қиналады. 

Ағзалары жас болғандықтан, дүниеге сәби әкелген кезде қатты қиналады. Көп жағдайда қыз қайтыс болады. 

Қызды жан-жақтан суретке түсіріп жатса да, күлуге мұршасы жоқ. 

Азаматы өзінің болашақ жарының қасында тұр. 

Екеуі естелік суретке түсіп жатыр. Алайда бақыттың нышаны байқалмайды. 

Өкінішке орай, бойжеткендер мен жас қыздар болашақ жарын өз еркімен таңдай алмайды. 

Той үстінде жас жұбайларды жігіттің үйіне жіберіп, қалған қонақтар тойлайды. 

Ал сіздің ойыңызша, қыз баланың тұрмысқа ерте шыққаны дұрыс па?

Қ. Бүйенбай