Марста жүрген робот селфи жасады

Марста жүрген робот селфи жасады
Фото: nasa.com

Curiosity марсоходы 5 тамыз күні селфи жасады, - деп хабарлайды НАСА агенттігі. Сурет MAHLI (Mars Hand Lens Imager) деп аталатын құралдың көмегімен Шарп тауының етегінде түсірілген.

Айта кетелік, марсоход бұл жерде сутегінің көп екенін байқаған. Бұл дегеніңіз жер астында су бар болуы мүмкін деген сөз. Таудың етегінен Curiosity 12 тамызда жүріп кеткен. 18-іне дейін ол 132 метр жүріп үлгеріпті. Айта кетелік, аппарат Марсқа қонғаннан, яғни 2012 жылдың тамызынан бері 11,1 шақырым жол жүрген. 

п

Curiosity аппараты Марсқа 2011 жылдың 26 қарашасында Atlas V 541 зымыранымен ұшырылды. Робот Қызыл планетаға 2012 жылдың 6 тамызында қонған еді. Қазір Марста Curiosity-ден бөлек Opportunity деп аталатын ровер жұмыс істеп жатыр.

М. Бисембаева