Бір-бірін іздеген әпкелі-сіңлі

Бір-бірін іздеген әпкелі-сіңлі
Фото: www.youtube.com

Осыдан қырық жыл бұрын Камбоджа елінде Пол Пот режимі орнаған болатын. Бұл саяси режимнің кесірінен миллиондаған адам қара жамылып, із-түссіз жоғалғандар саны жүз мыңнан асты. Солардың бірі – әпкелі-сіңлі Бо мен Хонг. Тағдыр тауқыметі екеуін жастайынан екіге айырған. Әпкелі-сіңлілер бірін-бірін іздеуден шаршамай, ақырында бір жақсылықтың боларына сенген. Камбоджа елінде тап осындай тағдырлас кісілерге арналған телебағдарлама да бар екен. Осы бағдарламада ол кезде бала, қазір ардақты апа болып отырған қаһармандарымыз бір-бірін жолықтырады. 

 
Н. Нұрмаханұлы