Өнер деп осыны айт

Өнер деп осыны айт
Фото: www.youtube.com

Зеник Палагнюк есімді жас суретші шеге мен жіптен америкалық поп-әнші Джастин Тимберлейктің портретін жасады. Зеник жұмысты орындау барысында 24 шақырым жіп пен 13000 дана шеге пайдаланған. Бұған суретшінің 200 сағат уақыты кеткен. 

Зеник Палагнюк — Украина еліндегі Чертков қаласының тумасы. Ол Львовь ұлттық университетінің "графикалық дизайн" факультетінің 3-курс студенті. Оның сөзіне сенсек, суретші Джастин Тимберлейктің әндерін сүйіп тыңдайды екен. Сонымен қатар ол Джастиннің әншілікпен қатар актерлікті бірге алып жүретіндігін дұрыс көреді-мыс. Зеник жақында Джастиннің әйелі босанғанып, олардың ұлды болғанынан хабардар болады. Сөйтіп өнер иесі өзінің сүйікті әншісіне қолынан келгенше сыйлық жасауға барын салады. Нәтижесі таңдай қақтырарлық.

Н. Нұрмаханұлы