Америкалық отбасы 300 жыл бұрынғы байлыққа кенелді

Америкалық отбасы 300 жыл бұрынғы байлыққа кенелді
Фото: qamshy.kz

Американың  Флорида штатында тұратын Шмиттер  отбасы 1715 жылы суға батып кеткен британиялық кеме сынықтарын тапты. Осылайша отбасы 300 жыл бұрын суға батқан кемені тауып, мол қазынаға кенелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қамшы" ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып. 

Сүңгуірлер кеме бортынан жалпы құны миллион доллар болатын алтын монеталар тапты. Бұл кеме 1715 жылы Кубадан Испанияға қарай бет алған. Жолай сұрапыл дауыл тұрып, бортында испаниялық ханшайымның аса бағалы заттары бар кеме суға батып кеткен.

Сүңгуірлердің айтуынша, қазына небәрі бір жарым метр тереңдікте жатқан. Борттан 50 алтын монета, қалың алтын шынжыр, испаниялық Филипп V монархқа арналған корольдік монета табылды. Сарапшылардың бағалауынша,  оның құны бүгінде 500 мың долларды құрайды екен.

Қ. Бүйенбай