Тайюаньда ерекше жарыс өтті

Тайюаньда ерекше жарыс өтті
Фото: http://fototelegraf.ru/

Қытайдың Тайюань қаласының тұрғындары өздерінің күшін ерекше әдіспен сынап көрді. Бұл жолы әйелдер мен ерлер арасында биік өкшелі аяқ киіммен жүгіру жарысын ұйымдастырды. Қалай өткенін суреттерден тамашалайық.

Жарыс ережесіне сәйкес, аяқ киімдер түрлі биіктікте болды.

Қыздар өздеріне ыңғайлы әрі барынша биік аяқ киім таңдауға тырысты.

 Бірі мәре сызығына жетпей құлап жатты.

 Аяқ киімі түсіп қалмасын деп шүберекпен байлап алғандар да болды. 

Сүйіктілерін арқалап жүгірген жігіттер де бар.

Жігіттерге де биік өкшелі аяқ киім жарасатын сыңайлы. 

Алдынан кездескен кедергілерді аттап өтті.

Кей жігіт қыздарын көтере алмай құлады.

 Қыздар мәре сызығына ерте жету үшін биігірек секірді. 

Сіз осындай жарысқа қатысар ма едіңіз?

Қ. Бүйенбай