Леонардо да Винчидің 11 жастағы мұрагері

Леонардо да Винчидің 11 жастағы мұрагері
Фото: ofigenno.cc

Өнер – әлемдегі даулы дүниелердің бірі. Сен қандай іске барсаң да, алдыңнан кесе көлденең шығатын адамдар табылады. Бұл нәрсе - шеберлігіңнің жоқтығын, туындыңның нашарлығын немесе ол жандардың талғамдарының төмендігін білдірмесе керек. Тек қабылдау мен түйсіктің әртүрлілігі кедергі болмақ. Ал біздің бүгінгі кейіпкеріміздің шығармашылығына ғаламтор қолданушылары және әртүрлі елдің қарапайым тұрғындары жоғары бағасын беріп, жақсы көзқарас білдірген. Бұл баланың есімі – Душан Кртолица. Небәрі 11 жаста. Ол – адамдар мен жан-жануарлардың бейнесін ақ қағаз бетіне дәлме-дәл түсірудің шебері. Оның кейбір кейіпкерлері жер бетінен баяғы замандарда-ақ жойылып кеткенмен, дарынды өреннің ерекше жұмыстарында қазіргі күннің өзінде тірідей көрінеді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Н. Айдархан