Президенттер тұрақтайтын қонақ үй

Президенттер тұрақтайтын қонақ үй
Фото: www.unknownmale.com

Мальдив аралдарындағы Gili Lankanfushi қонақ үйі Choice Awards нұсқасы бойынша әлемдегі ең керемет қонақ үй атанды. Lankanfushi аралында орналасқан қонақ үй 45 вилладан тұрады. Аталған қонақ үй ел астанасы Малеге өте жақын. Сондықтан мұнда келуші туристердің қарасы көп.

Басқа қонақ үйлер сияқты бұл қонақ үйде де 9 VIP вилла бар. Оның біреуі президенттерге арналған. Виллаға арнайы қайықтармен баруға болады. Сонымен қатар қонақ үйде спа-орталықтар, ашық кинотеатрлар бар. Назарларыңызға қонақ үйдің бір топ суретін ұсынамыз.

Ж. Исакаев