Өмірдің соңы өліммен тоқтап қалмайды (видео)

Өмірдің соңы өліммен тоқтап қалмайды (видео)
Фото: messengernewspapers.co.uk

Ұлыбританияның атақты рок тобы 2014 жылы «La Petite Mort» деп аталатын күйтабақ шығарған болатын. Бұл ән жинаққа «Moving On», «All In My Mind», «All I'm Saying» атты топтың танымал әндері кірген. Күйтабақтың негізі тақырыбы - өлім мен өмір. Топтың «Moving On» әніне түсірген бейнебаяны тыңдарманға бүкіл адамзаттың өмір сүру заңдылығын көрсеткендей әсер қалдырады. Бейнебаян адамдарға тіршілік нышаны өліммен тоқтап қалмайтынын яғни, "өлгеннің артында өлмек жоқ" екенін жақсы түсіндіреді. Егер бөгде біреу дүниенің бергі бетінде өз өмірімен қош айтысып жатқан болса, басқа біреу арғы бетінде дүние есігін жаңадан ашып жатқан болады.

Джеймс (James) – 1982 жылы Манчестер қаласында құрылған ағылшын рок тобы. Топ 1980-90 жылдары аралығында аса танымал болған. Топтың "Come Home", "Sit Down", "She's a Star" and "Laid" деп аталатын атақты хит әндері бар. 2001 жылы топтың солисті Тим Бут (Tim Booth) жеке кеткеннен кейін «Джейм тобы» біраз жылға дейін тоқырап қалды. Бірақ 2007 жылдың қаңтар айында олар қайта қосылып, өздерінің жаңа күйтабақтарымен халықаралық тур жасады. 2010 жылы 25 миллионнан астам күйтабағы бүкіл әлем бойынша сатылды.

Н. Нұрмаханұлы