Қытайда ер адам үстіне 1 миллион ара қондырды

Қытайда ер адам үстіне 1 миллион ара қондырды
Фото: tn.kz

Қытай азаматы үстіне миллион араны қондырып, рекорд жасады, - деп хабарлайды "24.kz". Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Порталдың мәліметінше, жүрек жұтқан ер адам үстіне 1 миллионнан аса бал арасын қондырып, әлемдік рекорд жасады. Бір сағаттың ішінде Гао Бингоның денесін жәндіктер 2 мың рет шаққан.

"Салмағы 110 келіден асқан аралар бетін шақпас үшін омарташы үздіксіз темекі шегіп тұрды. Сынақ уақыты аяқталған бетте ол мұзды суға сүңгіді", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, Қытайда "аралар патшасы" атанып кеткен Бинго өткен жылы 460 мың араны қондырып, дәл осындай рекорд орнатқан болатын. 

М. Бисембаева