Таңғажайып суретші піл

Таңғажайып суретші піл
Фото: mangafox156.deviantart.com,globe-trekking.com

Ғаламда сіз бен біз білмейтін қаншама қызықты дүние бар. Олардың барлығы бір-біріне ұқсамайды. Мәселен, Суда есімді суретші пілдің өнері таңырқатпай қоймайды. Ғалымдардың айтуынша, пілдердің де бойларында дарын бар.

Суда Тайланд елін мекендейді. Оның жасы төртте. Бүгінде ол нағыз қылқалам шеберіне айналып үлгерді. Суданың және басқа да пілдердің суретін тамашалау үшін жүздеген турист пен қарапайым тұрғын сурет салу алаңына келеді екен. 

Н. Нұрмаханұлы