Елсізде 46 жыл өмір сүрген қария табылды

Елсізде 46 жыл өмір сүрген қария табылды

Чилидегі таулардың бірінде ел-жұрттан безіп, 46 жыл бойы жалғыз өмір сүрген 86 жастағы қария табылды.

Фаустино Барриентос (Faustino Barrientos) өмірінің көп бөлігін Патагониядағы О’Хиггинс өзенінің жағасында өткізген. Аргентина мен Чилидің шекарасына жақын жерде тірлік қылып жүрген ол жас кезінде мал бағумен айналысқан екен. Дегенмен Чилиде Аугусто Пиночеттің саяси ықпалы артқан кезде Фаустино Аргентинаға өтіп кетіпті. 

Жалғыз адам елсізде қалай сүреді деген ойға қалып отырсаңыз айта кетелік. Фаустино бірнеше сиыр, қой арқылы жанын бағып жүр екен. Екі жылда бір рет қалаға шығып малдарын сату арқылы, тұрмысына керекті нәрселерін сатып алып отырады екен. Журналистерге берген сұхбатында қария: "Маған ақша да, байлық та керек емес. Бастысы қарным тоқ. Көпшілік ортадан гөрі жалғыз өмір сүрген мені рахатқа бөлейді", - деді.

Әйткенмен оның жалғыздығы соңғы уақытта билік өкілдерінің көзқарасының ықпалынан бұзылып жатқанға ұқсайды. Өзен бойымен 10 күнде бір рет туристер кемесі жүзіп өтеді. Бұл туралы Барриентостың өзі: "Жұрттың мені бұл жерден алып кеткісі келіп жүргендігін байқап жүрмін. Бірақ мен бәрібір осы өмірімнен бас тартпаймын", - деп сұхбат берді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: easyvoyage.co.uk