Әлемдегі ең алғашқы ұшақ-пәтер (видео)

Әлемдегі ең алғашқы ұшақ-пәтер (видео)
Фото: diariovasco.com

Қожайыны мінген әуе көлігінің ізінен ілесіп отыратын ұшақ-пәтер Boeing 747 атын құпия етіп қалдырған миллиардердің тапсырысы бойынша жасалған.

Ұшақтың Aeroloft аталатын бұл моделінде жатын бөлме, мейрамхана, бірнеше қонақ бөлме мен асүй бар, деп жазады prian.ru. Қонақ бөлмелер үйдің жоғарғы палубасында орналасқан. Ұшып жүретін «пәтердің» ішінде заманауи кеңсе мен конференц-зал да бар.

Greenpoint компаниясы ұшақтан пәтер жасау үшін 3 жыл кеткен. Ал аты-жөні құпия түрде сақталып қалған адам әуеде қолайлы өмір сүруге мүмкіндік беретін Boeing 747 үшін $600 млн төлеген екен.

Дереккөзі: 24.kz

Н. Айдархан