Әлем жастары үшін ең үздік қала анықталды

Әлем жастары үшін ең үздік қала анықталды
Фото: copyroom.ru

Youthful Cities сайты жас ұрпақтың өмір сүруіне ең қолайлы қалалар тізімін жариялады. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Бірінші орынды Нью-Йорк мегаполисі иеленді. Осы ретте жүргізілген арнайы сауалнамаға жауап берушілер оның жоғары даму деңгейі, сапалы музыкалық мәдениеті мен киноиндустриясын атап көрсетіпті. Мұндағы түнгі өмір де жастарды қызықтыратын болып шықты.

Жалпы 100-ге жуық қала қатыстырылған бұл рейтингтегі екінші және үшінші орындар сәйкесінше, Лондон мен Берлинге бұйырған. 15-29 жас арасындағылар үшін құрастырылған бұл тізімге кіруі тиіс қалалардың экологиялық ахуалы мен архитектуралық ерекшеліктері де қарастырылған. Сондай-ақ онда жеткен жастар аз уақыт ішінде жұмыс тауып ала алатындай болулары керек болған екен.  

Ал француздардың астанасы Париж төртінші орынға орналасыпты. Ең қызығы, Мехико қаласы тізімнің тоғызыншы орнын иеленген.

Н. Айдархан