Арзан киімнің артында кім тұр?

Арзан киімнің артында кім тұр?
Фото: www.boredpanda.com

"Сән революциясы" (Fashion Revolution) деп аталатын бейкоммерциялық ұйым таңғажайып тәжірибе жасады. Әлеуметтік тәжірибенің арқасында сатып алушы өз киімі туралы бір сәт ойлануға мәжбүр болды. 

Ұйым қызметкерлері сату автоматын Берлин қаласына орналастырған. Ал автоматқа бағасы 2 еуро тұратын жеңіл жейде қойылады. Кез келген адам арзан бағадағы жеңіл жейдені сатып алудан бұрын міндетті түрде сол киімді тіккен тігіншілер туралы шағын видео көреді.

Видео сәуір айының 24-жұлдызында Сән революциясы күнінде жарыққа шықты (Fashion Revolution Day). Бұл видео 2013 жылы Бангладеш еліндегі Rana Plaza-ның күйреуін көрсетеді. Күйреу кезінде қауіпсіз жағдайда жұмыс істеген Америка бренд киімдерін тігетін 1000-нан астам жұмысшы қайтыс болған. Фабрикада жұмыс істейтін жұмысшылардың көбі – егде жастағылар. Олар аз төлемақыға шектен тыс көп жұмыс істеуге мәжбүр болған. 

Ұқсас жазбалар:

Өрмекші адам баскетбол ойнады (видео)

10 миллионға жуық адамды қызықтырған видео

Н. Нұрмаханұлы