Колумбиядағы қолдан жасалған арал

Колумбиядағы қолдан жасалған арал

Канадалық жұп Уэйн Адамс (Wayne Adams) пен Кэтрин Кинг (Catherine King) Тофино қаласына жақын Британдық Колумбия провинциясында кішігірім арал салды. Бұл жер Freedom Cove деп аталатын тамаша табиғат аясында орналасқан. Аралдағы барлық құрылыс қайта өңделген материалдардан жасалған. 12 жүзгіш платформа бір-бірімен ағаш және темір көпірлер арқылы жалғанып тұр. Арал иелерінің түрлі жеміс-жидектер мен көкөністер өсетін жылыжайлары бар. Сонымен қатар олар жарықты күн батареясынан алса, суды жақын маңдағы бұлақтан тасиды. Бұл аралды салуға шамамен 20 жыл уақыт кетті. Бүгінгі таңда бұл жер танымал туристік ортаға айналды. Назарларыңызға Freedom Cove аралының бір топ тамаша суретін ұсынамыз.

Сурет: billionnews.ru

Ж. Исакаев