Бумен жүретін мотоцикл

Бумен жүретін мотоцикл

Голландиялық мотоцикл шығаратын компания өз тарихындаға ең ерекше тапсырыс алды. Тапсырыс беруші компания инженерлеріне Revatu Customs деп аталатын әлемдегі жалғыз бумен жүретін мотоциклды құрастырып беруді сұраған. Мотоцикл толығымен паровоз секілді бумен жүреді. Сол себептен мотоцикл көмірді жанармай ретінде пайдаланады. Яғни көмір суды қайнатып буға айналдырады. Ал кейінгі кезекте бу мотоцикл қоғалтқышын іске қосады. Әйткенмен, мотоциклдың ең үлкен кемшілігі бар. Ол сағатына небары 8 шақырым  ғана жол жүреді.

Сурет: www.youtube.com

Н. Нұрмаханұлы