Жапон дизайнерінің тәтті құрастырғышы

Жапон дизайнерінің тәтті құрастырғышы

Құрастырғыштар – балалардың ермегі. Оның көмегімен ғимараттар, көліктер, адамдар жасауға болады. Ал оларды жасау кезінде баланың іздеп-табу, ойлау, жүйелеу қабілеті артады. Демек құрастырғыштар адамның логикасы мен қиялын дамытады. Ал жапон дизайнері Акихиро Мизуши (Akihiro Mizuuchi) осы құрастырғыштардың бұндай қасиетіне өзгеріс енгізді. Қандай өзгеріс екенін жазбамыздан таныс болыңыздар. 

Ол шоколадтан Lego құрастырғышының текшелерін жасаған. Кішкене тәтті текшелерде Lego құрастырғышының әр бөлшегі дәл бейнеленген.

Ал түстері шоколадтардың түрлеріне қарай ерекшеленеді.

Ащы, сүтті, құлпынай дәмімен жасалған шоколадтар, сәйкесінше түрлі түстерге ие. Мысалы, ащысы – қара-қоңыр, сүттісі – ақ, құлпынаймен жасалғаны алқызыл түстес.

Тіпті, бұл шоколадтардан түрлі бейнелер құрастыруға болады екен. 

Сурет: adme.ru

Е. Жұмабайұлы