Ақша толы сөмкені иесіне қайтарып берді

Ақша толы сөмкені иесіне қайтарып берді

Қала ішінде такси болып нәпақасын тауып жүрген британиялық жүргізушінің көлігіне вокзал маңынан бейтаныс бір ер адам отырады. Діттеген жеріне жеткен әлгі жан сөмкесін көлікте ұмытып кетеді.

Baq.kz сайтының жазуынша, бүгінде елу бес жасқа келген Мухаммед Нисар көлікте қалып қойған сөмкені көргеннен соң дереу сөмке иесін іздеуге көшеді. Ал, оны тапқан уақытта сөмке иесінің қуаныштан толқығаны соншалық, тіл қатуға шамасы келмей қалыпты.

«Оның сәл болмағанда жүрегі қысылып қала ма деп қорықтым. Ол өте қобалжып тұрды. Сосын ол менен сөмкенің ішінде не барын білесің бе деп сұрады. Кейін онда көлік алсам деп жинаған ақшасы барын айтты», – дейді Мухаммед Нисар тілшілерге берген сұхбатында.

сурет: baq.kz

 

Е. Қайрахан