Жеті жүзге тарта еврей ұрпағын ажалдан арашалаған жауынгер

Жеті жүзге тарта еврей ұрпағын ажалдан арашалаған жауынгер

Сэр Николас Уинтон жеті жүзге тарта еврей баласын фашистерден аман сақтап қалған. Бір қызығы, ол өзі құтқарған бүлдіршіндермен 47 жылдан соң қайта кездеседі. Бұл видео 1988 жылы «БиБиСи» (BBC Programme) бағдарламасының бірінде түсірілген.

Сэр Николас Джордж Уинтон 1939 жылы неміс фашистерінің бодандығына түскен Чехословакиядағы 669 еврей баласын ажалдан аман сақтап қалады. Олардың жасы шамамен 2-18 жас аралығында болған. Сонымен қатар Николас кішкентай бүлдіршіндерге арнап баспана жасақтаған. Оларды Ұлыбритания еліне көшірумен айналысқан. Мұны ардагер 49 жыл бойы құпия ұстайды. Британия бұқаралық ақпараттар құралы ардагерді «Британдық Шиндлер» деп атайды екен.

Сурет:www.huffingtonpost.com

Н. Нұрмаханұлы