Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Ғасырлар тоғысындағы Прамбанан ғибадатханасы

Ғасырлар тоғысындағы Прамбанан ғибадатханасы

Ғасырлар тоғысындағы Прамбанан ғибадатханасы

Уақыт пен заман ортасындағы көпір іспетті ғибадатханалар замана сырын шертіп тұра бермек... Солардың бірі әрі бірегейі - Прамбанан атты индуистік ғибадатхана кешені.

Прамбанан атты индуистік ғибадатхана кешені Ява аралында X ғасырда салынған. Араға уақыт салып қарауытып жеткен, ғасырлар тоғысындағы тастан салынған үлкен құрылыс Индонезияның таңдаулы тарихи ескерткіштерінің бірі болып саналады. Аталған кешен үш бірдей үлкен ғибадатханадан, бірнеше құдай үйінен және көптеген кішкене ғибадатханалар жиынтығынан тұрады. Әсіресе, аспанға қол созып тұрған Шиваның басты ғибататханасы таң-тамаша күйге бөлейді.


Прамбанан ғибадатханасы Шайлендр әулетінің соңғы өкілі саналатын будда монархын жеңіп, үстемдікке ие болған индуис монархы Ракаи Пикатананың құрметіне салынған. Алайда, ғибадатхана салынып біткеннен соң қараусыз қалған. Тек 1918 жылы қайта қалпына келтіру үшін жасалған шаралар 35 жылға созылған. Тіпті кейбір бөліктерін қалпына келтіру бүгін де жалғасын тауып жатыр.


Прамбананың ең басты үш ғибадатханасы Вишна мен Брахма, Шиваға арналған. Және кішкентай ғибадатханалар жиынтығы Құдайлар қасиетті деп тапқан аң-құстардың, жан-жануарлардың құрметіне салынған. Мәселен, Сиқырлы Гаруда қыранын Вишна, Нанди бұқасын Шива, құс төресі аққуды Брахма алып келген деген аңыздар бар. Өкінішке орай, ара-тұра орын алып тұратын жер сілкіністері ғибадатханаға кесірін тигізуде. Онсыз да құлаудың әзер алдында тұрған тарихи ескерткіштер кішігірім жер сілкіністерінен соң, тас үйінділеріне айналуда. 

Прамбананың басты ғибадатханалары бірнеше мәрте құлап, қайта тұрғызылып келуде. Құлаудың басты себептері тастарды байланыстырып тұратын ерітіндінің (раствор) құйылмауында. Соған қарамастан ғибадатханалардың керемет архитектурасы, ғажап фрескасы (кеппеген сылаққа салынған сурет) және барельефі (бедерлі сурет) өз қалыптарын сақтап қалуда. Иә, уақыт пен заман ортасындағы көпір іспетті ғибадатханалар замана сырын шертіп тұра бермек...

Суреттер:kk.newikis.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

2838 3
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 27 маусым 2012, 14:31
Пікірлер
+0
27 маусым 2012, 14:13

мыналарды салып бітуге қанша уақыт, қанша жұмысшының күші кеткен екен???

+0
27 маусым 2012, 17:34

Тастан салынған дей ме? ерекше дүние

+0
27 маусым 2012, 18:03

иә, тастан салынғанда қандай...дәл осындай тастан салынған ескерткіш Тараз да бар.. аты - Ақыртас кешені.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?

Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...
Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...

Өмірдің симфониясы болған сыңғырлар.

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...