Зейнетақы туралы қызықты деректер

Зейнетақы туралы қызықты деректер

Алғаш рет зейнетақы туралы жарғы 15 ғасырда Людовик 11 билік еткен кезде Францияда қабылданды. Оны бірінші болып алған - 1889 жылы неміс канцлері Отто фон Бисмарк. Ал одан жиырма жыл өткен соң, Англия, Австралия, Америка Құрама Штаттары сияқты елдер де зейнетақы бере бастады. 

Орыстарда Петр патшаның кезінде қабылданды. Алайда оның кезінде зейнетақыны тек офицерлер ғана алған. Ал 25 жыл қызмет еткен сарбаздар бір тиынсыз қайтатын болған. Революциядан кейін билік зейнетақымен асыққан жоқ. 1918 жылы Қызыл әскер мүгедектері, 1923 жылы большевиктер, 1928 жылы кейбір зауыт қызметкерлері алса, 1937 жылы қарапайым халықтың бәріне бірдей бөлінді. 

Ең үлкен зейнетақы Дания мемлекетінде. Ол шамамен 3000 АҚШ долларын құрайды. Оған өмір бойы таза, адал еңбек етті деп танылғандардың ғана қолы жетеді. Ал адал еңбек етпей ең үлкен зейнетақыға жеткен - швециялық Перси Барневик. Ол инвестициялық қорда жұмыс істеп, өзінің есепшотына 100 миллион доллар аударып жіберген.

Аспан асты елінде зейнетақы тек әскери адамдарға және полиция қызметкерлеріне беріледі.  

Сурет: www.oroskopos.tv

Оқи отырыңыз:

Тепе-теңдікті меңгерген тұлға

Біреуге сенсең де, өзіңе сенуді тоқтатпа

Аяғының орнына дөңгелекпен жүретін адам (видео)

Қазақстан тағы 10 мемлекетпен визасыз режим орнатпақ

Ж. Исакаев