Бұл қызық: тастың да шашы болады екен

Бұл қызық: тастың да шашы болады екен

Әлемде талай қызық бар. бүгінгі жазбамыз осы сөзді тағы да дәлелдейді. 2007 жылы Қытайда тым ерекше тас табылған екен. Оның ерекшелігі сол – адамның шашы тектес бұл тасқа да шаш біткен. Бұл тасты теңіз жағасынан тапқандар алғашында теңіз өсімдігі деп есептеген. Ғалымдар бұны жаңалық деп тауыпты. Өзгеше тастың тек екі данасы ғана табылған. Қазіргі таңда Чжунгуань ауданындағы Fashlion Rock Cafe атты мұражайда сақталған.

Шашының ұзындығы – 15 см. Түсі – ақ. Бір қызығы, бұл тастың шашы ұзарып, өсіп отырады. Тастың ұзындығы - 30 см, ені - 20 см, биіктігі - 15 см. 

Тіпті, бұл табиғаттың ерекше жаратылысы – шашы бар тасты  1 330 000 АҚШ долларымен бағаланған.

Сурет: yandex.ru, webmineral.ru, pulson.ru.

Е. Жұмабайұлы