Мына көйлектің түсі қандай?

Мына көйлектің түсі қандай?

Кеше ғана ғаламтор арқылы "мына көйлектің түсі қандай?" деген сауалнама таратылды. Бұл суретті BuzzFeed сайты жариялаған болатын.

Статистикалық мәлімет бойынша адамдардың 75 пайызы көйлектің түсі "көк қара" десе, 25 пайызы "ақ сары" деген пікірде. Кейбір адамдар тіпті басқа түстерді атайды. Массагет сайтының тілшілері арасынан Еркебұлан Сатқанбаев, Талап Шерхан, Өмірбек Сансызбаев көйлекті "ақ сары" түсте көрсе, Қарлыға Бүйенбай, Абилова Фариза, Мейіргүл Оңғарова, Ақтоты Жапатова "көк қара", ал Жолдас Өрісбаев "қызыл сары" түсте көргендігін айтты. Бұл пікірлердің қайшылығына адам миының түс қабылдау ерекшеліктері себеп болуы мүмкін.

Құрметті оқырман, ал сіз мына суреттегі көйлектің түсін қандай деп көресіз? Жауабыңызды пікір қалдыратын алаңға жазыңыз.

Сурет: reddit.com

Ф. Абилова