Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Әлемнің ең таңдаулы зообақтары

Әлемнің ең таңдаулы зообақтары

Әлемнің  ең таңдаулы зообақтары

Хайуанаттар бағы – бұл сіз бен бізді бала күнімізден таңдандыратын, басымызды бір рет болсын қалайда сұғып қалуға асықтыратын қызықты орындардың бірі. Жабайы аңдарды жақыннан көру, олардың жанарына көз салу, осы көзқарас арқылы табиғатты сүюді үйрену, қоршаған әлемнің әсемдігін бағалау барлық уақытта мүмкін бола бермейді. Ал хайуанаттар бағына бара қалған жағдайда дәл осы мүмкіндікке ие бола алатыныңыз таласы жоқ шындық.

Осы орайда әлемнің ең үздік зообақтары туралы айтып кеткенді жөн көрдік.

Париж зообағы

Әлемдегі ең үлкен хайуанаттар бағы Париж маңындағы Венсен қаласында орналасқан. Мұнда жер фаунасының түгелге жуық өкілдері жиналған. Түнге қарай немесе салқын түскен кезде олар бақтағы жасанды жартастардың астын паналайды. Алайда, мұндай үлкен аң патшалығын ұстау оңайға түспейтін көрінеді. Өйткені, бұл бақтағы бір пілдің өзі күніне 100 келі тамақ жейді екен.

Сингапур зообағы

Ең көрікті және ең үлкен хайуанаттар бағының көлемі 30 гектарды алып жатыр. Атағы жер жаратын аталған баққа  әлемнің түкір-түкпірінен әкелінген сирек кездесетін хайуанаттар қойылған.

Рануа зообағы

Бұл хайуанттар бағы өзінің географиялық орнымен ерекшеленеді. Яғни бақ солтүстікте орналасқан және мұнда әлемнің ешбір жерінен кездестіруге болмайтын, тек қана солтүстікте өмір сүруге икемді 60 түрлі жануар орналастырылған. Рануа зообағында қыстыгүні иттер жегілген арбамен серуендеуге, шаңғы тебуге болады.

Лондон зообағы


Хайуанаттар бағының қабырғасы 1828 жылы қаланған. Мұнда хайуанаттардың 750 түрін тамашалауға болады. Ал олардың жалпы саны он бес мыңды құрайды. Дәл осы жерде ең алғашқы террариумдар, аквариумдар және балаларға арналған хайуанаттар бағы ашылған болатын.

Прага зообағы

Таңғажайып бақ осыдан отыз жыл бұрын құрылған және мұнда төрт жарым мыңнан аса жануарлар қойылған. Статистика бойынша, бұл мекенке жыл сайын 500 000 адам басын сұғады екен. Оған қоса хайуанаттар бағында әрбір мереке сайын көңілді іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады.

Иерусалим зообағы

Бақ Иерусалимге таяу жерде орналасқан және оның алып жатқан көлемі 25 гектарды құрайды. 1940 жылы ең алғашқы көрермен хайуанаттар бағының табалдырығын аттаған. Қазіргі таңда зообақтан хайуанаттардың 200 түрін ұшыратуға болады.

Бағдат зообағы

2003 жылы орын алған американдықтардың әскери әрекеттері барысында бұл хайуанаттар бағы өте көп зардап шекті. Нәтижесінде мың жарымнан аса хайуанатардың отыз бесі ғана тірі қалды. Осындай қиын-қыстау күндерде танымал табиғат қорғаушысы Энтони Лоуренстің көмегі зор болғандығын айта кету керек. Оның жүргізген түрлі іс-шараларының арқасында біршама жануарларды аман алып қалуға мүмкінідік туды.

Тайланд зообағы

Хайуанаттар бағының күндіз-түні жұмыс жасайтындығы оның негізгі ерекешеліктерінің бірі болып табылады. Бақтың негізгі мақтаныштары – таяуда ғана Қытайдан әкелінген екі панда болып табылады. Сондай-ақ зообақта Оңтүстік Азияның ең үлкен әуенді субұрқақтары орналасқан.

Суреттер: kolyan.net, sabai-sabai.ru, ecolopro.ru

Дайындаған: Айгерім Сматауллаева

8883 17
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 22 маусым 2012, 15:24
Пікірлер
+0
22 маусым 2012, 15:23

зообаққа бармағалы көп болды ше

+0
22 маусым 2012, 15:27

Кейін бала-шағаңды ертіп бірақ барасың

+0
22 маусым 2012, 15:29

Оған дейін қайдаааа... :) қойш, оған дейін бір барып келейінші, ааа?

+0
22 маусым 2012, 15:31

Жолың болсын, Массагеттен Маймылдарға сәлем айт!

+0
22 маусым 2012, 15:33

неге тек маймылдарға???

+0
22 маусым 2012, 15:23

Мен Тайланд зообағына барғым келеді.

+0
22 маусым 2012, 15:27

Андағылардың жатысына қызығып кеттің-ау деймін!))))

+0
22 маусым 2012, 15:30

иә, панда аюларды ұнатам

+0
22 маусым 2012, 15:32

Өзіңде кейде соларға ұқсап кетесің))))

+0
22 маусым 2012, 15:32

қойш :D

+0
22 маусым 2012, 15:32

Керемет, бәріне барғым келеді. Мен негізі фанатпын жануарлардың. Алматының зообағындағы барлық аңдармен таныспын)

+0
22 маусым 2012, 15:32

мені де апарып таныстырыңызшы онда :D

+0
22 маусым 2012, 15:46

Сен Тайландқа барасыңғой, Алматылықтарды қайтесің?!!

+0
23 маусым 2012, 09:54

бұл екі қызды да сол жаққа апарып тастау керек

+0
23 маусым 2012, 23:15

құтыла алмай жүрісіз ба бізден, ааа? :o

+0
25 маусым 2012, 14:57

ММ керемет зоо бақтар

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Мен не деймін, көзім не дейді?
Мен не деймін, көзім не дейді?

Әрине мен туралы емес)

Автор: Nazym Samet
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп.

30 күн артық ақпараттан ораза ұста.
30 күн артық ақпараттан ораза ұста.

Өмір маған əрдайым екінші мүмкіндікті ұсынады. "Ертең" деген.

Автор: Arayka Sakhova
Шынайы сезімнің құны қанша?
Шынайы сезімнің құны қанша?

Өзің идеал емессің, бірақ басқадан идеал адам ізейсің. Бұл дұрыс емес.


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...