Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Жалғыз саяхаттау: дұрыс па, бұрыс па?!

Жалғыз саяхаттау: дұрыс па, бұрыс па?!

Жалғыз саяхаттау: дұрыс па, бұрыс па?!

Жазғы демалысты шетелде өткізуді армандайсыз. Алайда, демалысыңызды бірге өткізетін құрбыңыз я жолсерік болар жан жоқ. Күнделікті өмірде небір жағдайлар орын алады. Жалғыз сапарға шығуға жүрексінсеңіз, арманыңызбен қоштаса берсеңіз болады. Әгәрәки арманыңыздың орындалғанын қаласаңыз, жалғыз саяхаттауға бел буыңыз.

Жалғыз саяхаттаудың артықшылығы

Демалысыңыз өзіңіз жоспарлағандай өтеді. Еркіндікке, талғамға жол беріледі. Өзіңіз қалаған елге барып, өзіңіз шешім қабылдайсыз. Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ. Рахат! Өзіңізге өзіңіз шектеу қоймасаңыз, ешкім сізге ақыл айтып, іс-әрекетіңізді қадағалап жатпайды.

Күнделікті өмірде сізге қоғамдық орындарда қабағы қатыңқы, жүзі суық адамдар жолықса, демалыста тұнжыраған жандарды кездестірмейсіз. Себебі, демалысқа келген әрбір жанның жүзі жарқын, мінезі жұмсақ келеді. Сондықтан да демалыста айналаңыздағы жандармен жылы сөйлесіп, олармен араласып, таныстарыңыздың өрісін кеңейтіңіз. Бәлкім, жақын дос не өмірлік серігіңізді жолықтырып қаласыз.

Өзге елде, бейтаныс адамдардың арасында жүрген кезде өміріңізге көз жүгіртіп, өзіңізге есеп беріңіз. Алға қойған мақсаттарыңызды зерделеп, болашаққа жоспар құрыңыз. Жалғыз саяхаттаған кезде денсаулықты жақсартып, мінезді өзгертуге болады.

Жалғыз саяхаттаудың кемшілігі

Жалғыз саяхаттаған кезде қалтаңыз біраз қағылады. Қонақүйдегі бір кісілік орын екі кісілік орыннан гөрі қымбаттырақ. Егер жаныңызда құрбыңыз болса, саяхатқа кететін шығынды екі бөліп төлеуге болатын еді.

Өзге елде жалғыз жүру өте қауіпті. Мысалы, сөмкеңізге ұры түсіп, сіз әмияныңызды ұрлатып алдыңыз. Я болмаса, танымайтын аймақта адасып қалдыңыз. Осы жағдайда жаныңызда серігіңіздің болғаны абзал.

Жүгіңіз көп болады. Жаныңызда құрбыңыз болса, демалысқа қажетті керек заттарды бірнеше шабаданға салып, жүкті бөліп алар едіңіз. Жалғыз жүрсеңіз, барлық ауыртпалық өзіңіз көтересіз.

«Жалғыздың үні шықпас» дегендей, жалғыз болсаңыз әуежайда не ұшақта әңгімелесіп, жол қысқартатын жан болмайды. Көппен бірге болсаңыз, уақытыңыз тез әрі көңілді өтеді. Бір-бірлеріңізге қызықты оқиғаларды айтып, демалыс жоспарын бірге құрайсыз.

«Келісіп пішкен тон келте болмас» деген нақылды естен шығармаңыз. Жаныңызда серігіңіз болса, барлығын ақылдасып, келісіп жасайсыз. Ал жалғыз болсаңыз, барлық шешімді өзіңіз қабылдайсыз. Ақыл-кеңес айтып, бағыт-бағдар беретін ешкім жоқ.

Қалай болғанда да, жалғыз жолға шығу я шықпау өз еркіңізде. Кеңес бізден, шешім сізден!

Сапарыңыз сәтті болғай!

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: wikistan.kz, vpoezdku.ru

474 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 19 маусым 2012, 09:40
Пікірлер
+0
19 маусым 2012, 10:55

Жалғыз саяхаттаған қорқынышты ғой :roll:

+0
19 маусым 2012, 11:05

Жалғыз саяхаттағанды, жалғыз жургенді, жалғыз қыдырғанды, Жалпы жалғыздықты жаны сүйетіндер көп қой...

+0
19 маусым 2012, 11:43

жалғыздық деген жақсы...болмаған кезде...

+0
19 маусым 2012, 12:41

жалғыздық әзірге жалықтырып жүрген жоқ, Тек жалғыздықтан сақтасын Алла

+0
19 маусым 2012, 14:04

кейде жалғыз жүрген де жақсы

+0
19 маусым 2012, 20:44

жалғыз жүргеннен қатты қорқам :? алдында ойланып отырып басқа автобусқа отырып қойып адасып үйді зорға әзер таптым :( қасыңда досың болған жақсы :!:

+0
20 маусым 2012, 17:39

Жоғарыдағы жазылғн\андарғо толық қосыламын. Жалғыз саяхаттаудың артықшылығы да, кемшін тұстары да бар. Бірақ, "Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адасқанға" не жетсін)))

+0
21 маусым 2012, 18:50

Жалғыз саяхаттау үшін де жүрек керек. Меніңше жалғыз қорқынышты әрі қызықсыз

+0
11 шілде 2012, 00:16

Егер таңдау мүмкіндігі болса жалғыз саяхаттағанға не жетсін...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...