Вьетнам туралы қызықты деректер

Вьетнам туралы қызықты деректер

Вьетнамның солтүстігінен оңтүстігіне дейінгі қашықтық - 1652 шақырым. Бұл Еуропадағы Лондоннан Римге, АҚШ-тағы Нью-Йорк-тен Майамиге, Австралиядағы Брисбенбен Мельбурнге дейінгі қашықтықпен бірдей.

Астанасы – Ханой қаласы. Халқының 88%-ы – вьеттер (жергілікті тұрғындар). Қалғандары мыонг, кхмер, таи, тхай, тағы да басқа ұсақ халықтар.

Мұнан өзге ірі қалалары – Хошимин және Хайфон. Елдің ежелгі астанасы Хюэде көне ғимараттар сақталған.

Ресми тілі - вьетнам тілі. Тұрғындары негізінен буддизмді, сонымен қатар христиан, ислам діндерін ұстанады.

Тонкин шығанағындағы Халонг мүйісі қазіргі таңда ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған. Бұл әлемдегі табиғаты ең әдемі орындардың қатарына кіреді. Халонг мүйісіне жыл сайын миллиондаған турист саяхаттайды.

Вьетнам – әлемдегі жұмыссыздық деңгейі төмен мемлекеттердің бірі.

Пайдалы қазбалары: ас көмір, темір рудасы, қорғасын, мырыш, боксид, қалайы, вольфрам.

Күн сайын Вьетнам жолдарымен он миллионнан астам мотоцикл мен мотороллер жүреді.

Вьетнамдағы ең көп таралған есім – Nguyen.

Вьетнам – Шығыс Азиядағы латын әліпбиін қолданатын жалғыз мемлекет. Осы аймақта орналасқан Қытай, Корея, Жапония өз әліпбилерін қолданады.

Вьетнам әлемде кешью жаңғағын экспорттаудан бірінші, күріш өсіруден екінші орын алады.

Вьетнам - БҰҰ-ның мүшесі, оның жүз алпыс елмен дипломатиялық қарым-қатынасы бар.

Вьетнам территориясының 75%-ын таулар мен төбелер алып жатыр.

Фансипан тауы – елдің ең биік нүктесі.

Солтүстік Вьетнамның ең биік нүктесі - Хоан-Геленшон жотасындағы Фанши шыңы (3143м.)

Оңтүстік Вьетнамда - Гоклинь тауы(3280м.)

Вьетнамда 30 ұлттық саябақ бар, оның ішіндегі ең үлкені - Yok Don.

Сурет: ru.tsn.ua

Ж. Исакаев