Қытайлық қайырымды кәсіпкер

Қытайлық қайырымды кәсіпкер

54 жасар Сюн Шуихуа жастайынан жоқшылық тақсіретін тартып өскен. Сол кезде оған ауыл тұрғындары көп көмектескен. Ал қазір ол ірі кәсіпкер. Кезінде көмек көрсетіп, қол ұшын берген жандардың жақсылығын әлі ұмытпаған. Сондықтан ол өз ауылдастарына ерекше құрмет көрсетуді жөн көрді.

Қирауға қалған көне үйлердің бәрін алып тастап, орнына жаңа заманға сай үйлер салған. Және ауыл жолының жөндеуіне де қыруар қаржы жұмсаған.

Сонымен қатар кәсіпкер қариялар мен аз қамтылған отбасыларды үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етуде.

Осының бәріне Сюн Шуихуа 6 миллион АҚШ долларын жұмсаған.

Кәсіпкер өзінің қалған өміріне толық жететіндей қаражат жинаған. Және ол ақша оның балаларына да жетеді.

Сурет: bakdar.org, mixstuff.ru, svopi.ru

Ж. Исакаев