Ең ұзақ орындалатын әнұран

Ең ұзақ орындалатын әнұран

Грекия мемлекетінің әнұраны дүниежүзіндегі ең ұзақ айтылатын әнұран болып есептеледі. Ол Гиннес рекордтар кітабына «ең ұзақ айтылатын әнұран» ретінде кірген. Әнұран «Бостандық әнұраны» (Hymn to Liberty) деп аталады. Оны 1823 жылы Грекия елінің даңқты ақыны Дионисиос Соломос жазған. Ал әнұранның өзі 158 шумақтан тұрады. Алайда, әнұран толығымен өте сирек орындалады екен. Әдетте, ол 2 шумақтан аспайды.

Айта кету керек, Грекия елінің әнұраны сонымен қатар Кипр мен Олимпиада ойындарының әнұраны болып табылады. Әнұран Олимпиада ойындары кезінде ашылу мен жабылу салтанатында толығымен орындалады.

Оқи отырыңыз: 

Жер асты және жер үсті өзені

Ағаштар туралы қызықты деректер

Елбасымыздың Тәуелсiздiк туралы ой-пікірлері

Брюс Лиге ұқсайтын ауғандық жас – Аббас Абулфазл

Сурет: wisaev.livejournal.com

Н. Нұрмаханұлы