Катеринаның керемет суреттері

Катеринаның керемет суреттері

Бұл Ресейлік фотограф Екатерина Плотникованың суреттері. Суретте сұлу бойжеткен жабайы аңдармен түскен. Бұған сену қиын әрине, алайда шындық. Катерина Москва қаласының тұрғыны. Университет қабырғасында сурет салумен шұғылданып жүрген ол қазір бар өмірін суретке түсіруге арнаған. Аңдарды түсіргенде Катеринаға көбіне зоопарктің қызметкерлері көмектеседі. Екатерина өз суреттерін Canon 5D Mark II және Canon 50mm f/1.2L фотоаппаратына түсіреді. Назарларыңызға Катеринаның бір топ суретін ұсынамыз.

Сурет: littlethings.com

Ж. Исакаев