Ұлыбританияның ең жас кәсіпкері 9 жаста

Ұлыбританияның ең жас кәсіпкері 9 жаста

Британиялық ең жас кәсіпкер 9 жасында өзінің үшінші кәсібін жүзеге асырды. Генри Паттерсон 8 жасында ең алғашқы кәсібін бастады. Ол алғашында тыңайтқыштар сатумен айналысты. Содан Генри интернет-дүкенін ашты. Интернет жас кәсіпкерге 150 фунт стерлинг пайда түсірді.

Қазір Генри 1987 жылғы "Уолл-Стрит" фильміндегі Гордон Гекконы еске түсіретін "Not Before Tea" деп аталатын тәтті сататын интернет-дүкенін ашты. Алғашқы аптаның өзінде 100-ден аса тапсырыс түскен. Жастайынан жеке кәсіппен айналысып жүрген Генри болашағынан мол үміт күттіреді.

Сурет: pixanews.com, bedfordtoday.co.uk

Ж. Исакаев