Әлемдегі ең алып «Bounce Below» жер асты батуты

Әлемдегі ең алып «Bounce Below» жер асты батуты

Батут — үлкенге де, кішіге де бірдей арналған тамаша ермек. Бұл өрісте акробат, гимнаст спортшылары сан алуан жаттығуды бір ғана батутта жасай береді. Әлемде батуттың қандай үлгісі болмасын, оның ешқайсысы Уэльс қаласындағы әлемдегі ең алып «Bounce Below» жер асты батутымен салыстыруға келмейді.

Үш үлкен батуттан тұратын құрылғы 2014 жылы шілде айының 4 жұлдызында Лехвед жер асты кен орнында ресми түрде ашылыпты. Ол жерге тек арнайы жүргізілген пойыз теміржолы арқылы баруға болады. Кенге кірер алдында келушілерге арнайы қорғаныш дулығасы мен мақтадан істелген комбинезон таратылады. Ішіне бас сұғып қөзіңізбен бір сүзіп шықсаңыз, жүрегіңіз дүрсіл қағып, тұла бойыңызды қорқыныш білейді. Алайда бұл алдамшы сезім. Себебі кен іші шаңқай түсте жарқыраған күн сәулесі секілді жап-жарық. Bounce Below батуттары 20 метр ұзындыққа баспалдақ пен төбешік ретінде тартылған.

2

3

Мұндай дүниежүзінде аналогы жоқ батут әлем бойынша жалғыз. Көңіл көтерудің барлық мүмкіндігі бар. Жер асты батутына көбіне балаларын ойнатуға әкелетін ата-аналар мен жай ғана қызық іздеп жүрген туристер келеді.

5

6

7

Оқи отырыңыз: 

Төменнен жоғары қарай ағатын сарқырама

Әлемге аты шыққан Шарын шатқалы туралы

Шеңберді цирукльсіз қалай салуға болатынын білесіз бе?

Көрерменге ұсқынсыз болып көрінуден қорықпайтын жұлдыздар

Сурет: www.infoniac

Н. Нұрмаханұлы