Әлемдегі ең кәрі адам 256 жаста болған

Әлемдегі ең кәрі адам 256 жаста болған

1933 жылы Time Magazine және New York Times басылымдары 256 жастағы Ли Чинг-Юн есімді адамның дүние салғанын хабарлаған. 256 жастағы кәрі адамның 23 әйелінен, 180-ге тарта ұрпағы болған. Environmental Graffiti тілшілері бұл ақпараттың қаншалықты рас екенін анықтауға тырысты. 

Ли Чинг-Юн әрқашан жан тыныштығын сақтап, тек қана күріш пен шарапты ғана пайдаланған. Оның осынша уақыт тірі жүруінің бір құпиясы осында жатса керек дейді тілшілер. Ли Чинг-Юннің балалық шағы туралы мәліметтер аз сақталған. Бір анығы ол Қытайдың Сычуань провинциясында туып, өмірінің соңына дейін сол жерде мекен еткен. Чинг-Юн 10 жылдық білім алған соң, Кан-Су, Шаньси, Тибет, Аннам, Сиам және Маньчжур аймақтарына барып түрлі істермен айналысқан. Ал, одан кейінгі өмірі туралы еш ақпарат жоқ...

Кейінгілердің айтуы бойынша, Ли 256 жастың өзінде 60 жастағы адамдардай өте тың көрініпті. Бұл дерек арқылы оның нақты жасына күмәнмен қарауға болады. Лидің өзі 1736 жылы туғанын айтқан. Яғни, 197 жас өмір сүрген болып шығады. Алайда 1930 жылы Minkuo университетінің профессоры әрі деканы Ву Чанг-шин Лидің 1677 жылы туғанын дәлелдейтін жазбаға кезіккен. Ол жазбада Қытай үкіметінің Императоры Лиді 150 және 200 жылдық мерейтойымен құттықтаған екен.

Жоғардағы деректерге сүйенсек, Ли өз туған күнін ұмытып қалуы мүмкін немесе құжаттағы басқа бір Ли Чинг-Юн болуы ықтимал. Не десек те Time Magazine және New York Times басылымдары жариялаған жаңалық әлемдегі ең кәрі адамның кім болғаны туралы ойға қозғау салып кетті. Осы уақытқа дейін әлемдегі ең кәрі адам ретінде Жанна-Луиза Кальман танылып келген болатын. Ол 122 жыл, 64 күн ғұмыр кешкен. Жанна-Луиза Кальман Францияда өмір сүріп, 1997 жылы өмірден өтті. Егер Minkuo университетінің профессоры әрі деканы Ву Чанг-шиннің жазбасы ресм түрде дәлелденсе, әлемдегі ең кәрі адам рекорды 134 жасқа ұзара түседі. Ли Чинг-Юн хикаясының жалған-өтірігі әлі күнге жұмбақ күйінде қалып отыр. 

Ұқсас жазбалар: 

Әлемдегі ең үлкен қария 179 жаста

Эфиопиядан 160 жастағы адам табылды

Әлемдегі ең қарт әйел 115 жаста

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: oxyxo.ru

Н. Айдархан