Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Цунамидің астында қалған Намиэ қаласы: Google Street View көзімен

Цунамидің астында қалған Намиэ қаласы: Google Street View көзімен

Цунамидің астында қалған Намиэ қаласы: Google Street View көзімен

Осыдан үш жыл бұрын Жапонияны адамзат тарихындағы ең ірі зілзала мен цунами жайпап өткен еді. Сол кезде елдегі «Фукусима-1» аталған атом электр станциясы (АЭС) апатқа ұшырап, қоршаған орта мен тұрғындарға үлкен қауіп туғызған болатын. Бұл аймақ әлі күнге дейін радиациясының үлкен мөлшері салдарынан «аса қауіпті» деген деңгейден шыға қоймаған. 

1

Тынық мұхиты жағасындағы АЭС маңында орналасқан Намиэ қаласы өзінің керемет табиғатымен танылған еді. Жанға жайлы қалада қоныстанған 21 000 адам сол жылы өз үйлерін мәңгілікке тастап кете барды. Себебі мұндағы радиацияның мөлшері қалыпты жағдайдан бірнеше есе асып түсті. Енді арада біраз уақыт өткеннен соң қала тұрғындары Google корпорациясына хабарласып, туған қаласының қазіргі жағдайымен таныстыруды өтінген екен.

Осылайша жергілікті биліктің шақыртуымен танымал жерлер мен көшелердің панорамалық көріністерін Жер тұрғындарына көрсетумен танылған Google Street View жобасы Намиэ шаһарына келіп тоқтады. Қауіпсіз көлікке мініп, қажет құрал-жабдықтармен толық қаруланған түсіру тобының басты мақсаты – табиғи апатқа ұшыраған қаланы камера объективіне түсіріп, бұрынғы тұрғындардың назарына ұсыну болған.

Сонымен, елеске айналған қалаға жасалған қауіпті сапардан фоторепортажды бірге тамашалайық.

Балық аулау порты. Бұрын 140 аулау кемесіне пана болған мекен. (© Google, Inc.):

1

Апат кезінде қираған үй. (© Google, Inc.):

2

Теміржол бекеті жанындағы велотұрақ. (© Google, Inc.):

3

Табиғат ақырындап Намиэ қаласын өз қарамағына алуда. (© Google, Inc.):

4

Зират. (© Google, Inc.):

5

Сусын сататын автоматтар мен шағын дүкен. (© Google, Inc.):

6

Цунами жағаға шығарып тастаған балықшылардың қайығы. (© Google, Inc.):

8

Қираған үй. (© Google, Inc.):

6

Иелері тастап кеткен үй. Уақыттың өтуімен қала жолдарын шөптер басуда. (© Google, Inc.):

5

Қираған катер мен иесіз қалған үй. (© Google, Inc.):

9

Айнадағы бейнеден Google Street View жобасының автокөлігі мен оған орнатылған айналаны 360 градусқа дейінгі бұрышпен түсіре алатын арнайы камераны көруге болады. (© Google, Inc.):

9

Бұл да цунамидің кезекті құрбаны – жарамсыз болып қалған көлік. (© Google, Inc.):

9

Табиғи апат кезінде зардап шеккен ғимараттар. (© Google, Inc.):

10

Оң жақ беттегі нысан – бұрынғы мейрамхана. (© Google, Inc.):

11

Намиэдегі жақсы күйде сақталған сирек ғимараттардың бірі. (© Google, Inc.):

12

Тынық мұхиты жағалауына жақын аймақтың бүгінгі көрінісі. (© Google, Inc.):

14

Фольксваген Джук. (© Google, Inc.):

14

Жарамсыз болып қалған тракторлар мен автокөліктер. (© Google, Inc.):

2

Бұл қаладағы жолдардың көпшілігі тұйық болып келеді. (© Google, Inc.):

23

Толқын егістікке әкеліп тастаған көліктер (© Google, Inc.):

2

Көпірге қонған құзғындар. (© Google, Inc.):

1

Шөп басқан трактор. (© Google, Inc.):

25

Мектеп ғимараты. Ішіне үңіліп көрсек... (© Google, Inc.):

26

Мектептің ішкі көрінісі. (© Google, Inc.):

29

Компьютер сыныбы. (© Google, Inc.):

27

Мектептегі сынып бөлмесі. Тақтада: «Мен сені жақсы көремін Ukedo мектебі, міндетті түрде қайтып ораламын» деген жазба. (© Google, Inc.):

29

Мектептің іші. 2011 жылы бұл бөлмеде соңғы түлектерге диплом табысталды. Оған дәлел сахнадағы баннер. (© Google, Inc.):

15

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: © Google, Inc.

10
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 16 сәуір 2014, 23:08

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.