Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Сатылымға қара қызанақ шықпақ

Сатылымға қара қызанақ шықпақ

Сатылымға қара қызанақ шықпақ

Indigo Rose - түр-реңкі өзгеше, сырты көмірдей қара, іші нарттай қызыл қызанақ түрі. Сырты ұнамсыз көрінгенімен, жегенге өте дәмді, құрамы пайдалы дәрумендерге толы болып келеді. 

Indigo Rose - қызыл мен күлгін қызанақтың будандасуынан пайда болған жаңа түр немесе жоғары нәрлі көкөніс.

Күлгін қызанақтардың болатынын осы күні де көпшілік біле бермейді. Америка ғалымдары үлгілендірген (модифицированный) осы бір көкөніс арнайы антиқышқылға толы болады. Оны anthocyanin деп атайды.

Anthocyanin диабет пен семіздікке қарсы ем және қызанаққа күлгін түсті түр-реңкті сыйлайтын пигмент. Осы жерден, күлгін қызанақтарды әдеттегі қызыл қызанақтармен будандастырғанда, қара сұрып шығады екен.

Қара қызанақтар Орегон университетінде профессор Джим Майерстің басшылығымен алынуда. Көздеген мақсат - қызанақтың денсаулыққа пайдалылығын арттыру.

Зерттеушілер күлгін қызанақтың anthocyanin пигментіне ие екенін, қаражидек түсін бере алатынын білгенде, оларды қызанақтың жабайы түрлерімен будандастырып шығаруды қолға алған. Нәтижесінде қара түсті қызанақ шығарылған, ол өз кезегінде anthocyanins қоспасына ие дүниедегі ең үздік қызанақ шырыны саналуда. 

Қара қызанақтың бар екені ертеректен белгілі, бірақ Индиго Роуз - будандастырылып шығарылған жалғыз ғана шынайы қара қызанақ, қызанақтың қара қанық сорты болып табылады.

Бір айта кетерлігі, қара қызанақтар әдеттегі қызанақтар секілді аса тәтті емес, есесіне, өткір хош иіске ие екен. Тұрмыста қуырылған күйінде, салат қоспасына пайдаланылмақ. 

Айтпақшы, сатылымға көп ұзамай шығып қалатыны айтылады. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: woodlandgardensorganic.com

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 14 сәуір 2014, 10:44

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.