Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Географиядағы қызықты деректер

Географиядағы қызықты деректер

Географиядағы қызықты деректер

Жер Планетасы таңғажайып географиялық және геологиялық құпиялар мен парадокстарға толы. Табиғаттың тылсым сырларының көптігі сонша, олардың барлығын шешу мүмкін емес сияқты. Назарларыңызға география, геология және жерге байланысты қызықты деректерді ұсынамыз.

1. Ең қысқа атаулы аймақ - Å

Швеция мен Норвегияның шекарасында орналасқан кішкентай Å ауылы ең қысқа атаулы аймақ болып табылады. Скандинавиялық тілден аударғанда Å – «өзен» дегенді білдіреді екен.

2. Әлемдегі ең алып қала

Әлемде ең үлкен жер аумағын алып жатқан қала Қытайда Ішкі Монғолия ауданында орналасқан Хулун-Буир қаласы. Оның алып жатқан аумағы 263 953 шаршы км.

3. Тек қана бір елмен шектесетін елдер

Лесото, Ватикан және Сан-Марино елдері бір ғана елмен шектеседі. Лесотоны толығымен ЮАР қоршайды, ал Ватикан мен Сан-Мариноны толығымен Италия қоршап жатыр.

4. Ең ұзын географиялық атаулар


«Taumatawhakatangihangak oauauotamateaturipukaka pikimaungahoronukupokaiwhe nua kitanatahu» - Жаңа Зеландиядағы дөң атауы ең ұзын географиялық атау болып Гиннес Рекордтар кітабына кірген болатын. 84 әріптен тұратын бұл атау маори тілінен аударғанда «Үлкен тізелі еркек Таметеяның сүйіктісіне флейтада ойнап отырып, тайып кетіп, тұрып, тауды асап, тау кеміргіш аталған орын» дегенді білдіреді екен.

Осы атау ең ұзын болып есептеліп келген еді. Алайда кейін одан да ұзын георграфиялық атау бар екені анықталды. «Krung thep mahanakhon bovorn ratanakosin mahintharayutthaya mahadilok pop noparatratchathani burirom udomratchanivetmahasathan amornpiman avatarnsathit sakkathattiya visnukarmprasit», 163 әріптен тұратын бұл сөйлем Таиланд астанасы Бангкоктың поэтикалық атауы болып табылады.

5. Ең суық және ең жылы теңіз.

Ресейдегі Ақ теңіздің су температурасы ең төмен, бар-жоғы -2 °C-ке тең. Персид шығанағы ең жылы теңіз болып саналады. Жазда су температурасы 35,6 °C-қа дейін барады.

6. Сан-Марино – әлемдегі ең ежелгі конституциондық мемлекет болып саналады.

Сан-Марино елін 301 жылы Диоклетиан императорынан қашып жүрген тас қалаушысы құрған. Сан-Марино конституциясы 1600 жылы қабылданып, әлемдегі қабылданған ең бірінші конституция болып саналады.

7. Адамзат қазған ең терең ойық.


Адамзат қазған ең терең ойық Ресейдегі Коль асатерең саңылауы болып саналады. Ол 12 262 метрді құрап, ғылыми жұмыстарға қазылған болатын. Мұның салдарына біраз ғылыми жаңалықтар жасалған екен.

Жалғасы бар...

Сурет: billionnews.ru

19458 0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 27 сәуір 2012, 13:20
Пікірлер
+0
27 сәуір 2012, 14:49

А ға барыфп қайтайық :lol:

+0
27 сәуір 2012, 15:31

Менің Коль асатерең саңылауына барғым келіп тұр!

+0
27 сәуір 2012, 17:58

анау быды быды быды деген ұзақ атаулар қызық екен)

+0
27 сәуір 2012, 17:59

«Taumatawhakatangihangak oauauotamateaturipukaka pikimaungahoronukupokaiwhe nua kitanatahu» көру керек екен :)

+0
28 сәуір 2012, 14:20

Лесотоны толығымен ЮАР қоршайтын болса, ол сол мемлекеттің бір бөлігі сияқты шығар)))

+0
30 сәуір 2012, 14:22

сурық теңіз шынында суық пекен !)?

+0
06 мамыр 2012, 14:25

Ал Семей қа­ла­сының жер көлемі 27 мың шар­­шы метрді құрайды. Гиннестер кітабына кіруге тапсырыс беріліп қойды.

-1
11 қаңтар 2015, 23:41

Ресейде мұндай саңылау бар екенін білмеппін

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...