Үнді елінің салт-дәстүрі

Үнді елінің салт-дәстүрі

Бір әлемде тұрып жатқанына қарамастан, әр елдің өзіне ғана тән салт-дәстүрлері бар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы да аз емес. Үнді елінің салт-дәстүрлерімен таныс болыңыздар. 

1. Үндістан жерінің көлемі жағынан жетінші орынды алатынына қарамастан, халқының тығыздығы жағынан әлем бойынша екінші орында тұр. Шамамен 1,2 миллиард халқы бар. Бірінші орын Қытай еліне тиесілі.

2. Үндістандытардың 12 жылда бір рет тойланатын Кумбха-мела діни мерекесі бар. Кумбха-мела мерекесі соңғы рет 2013 жылдың 14 қаңтарында аталып өтті. Бұл күні әулиелерге тағзым ету үшін Аллахабад қаласына 100 миллион адам жиналған. Мұндай көп адамның бір жерде бас қосуы адамзат тарихында алғаш рет.

3. Үнділердің мемлекеттік ақшасы рупиді шет елге алып шығуға заңмен тыйым салынған.

4. Әдепсіздік деп есептелетіндіктен, үнділердің отбасында әйелдері ерінің атын дауыстап айтпайды. Оның орнына «мені тыңдашы» немесе "балаларымның әкесі" деген сөздерді қолдана алады.

5. Ері қайтыс болған әйелге жас жұбайлардың жанында жүруге, көпшілік жиналған жерге баруға тыйым салады.

6. Бағзы замандарда ері қайтыс болғанда әйелі де отқа күйдірілетін болған.

7. Үндістан – шахматтың отаны. Ежелде оларды «четуранга» (яғни піл, ат, пешкалармен тікелей байланысты) деп атаған. Аудармасында «төрт әскери жасақ» дегенді білдіреді.

8. Үндістанда киімнің түсі мен түрін үйлестіріп кию өте маңызды. Қыздарының мінезін шаш күтіміне қарап анықтайды.  

9. Үндістердің 80 пайызы индуизм бағытын ұстанады. Ал қалған 13 пайызы мұсылмандар. Әлем бойынша мұсылмандар санынан Индонезия мен Пәкістаннан кейінгі үшінші орынды иеленеді.

10. Әлемнің ең үлкен кино өнеркәсібі «Болливуд» Мумбай қаласында орналасқан. Бастапқы «Б» әрпі қаланың бұрынғы атауы Бомбеймен байланысты қойылған. Болливудтық кино өнімдердің барлығы дерлік мюзиклдер.

11. Төрт элементті (от, ауа, су, жер) ластамау үшін зороастризмді жақтаушылар қайтыс болған адамды жерлемей «тыныштық мұнарасына» апарып қояды. Еті сол жерде ит-құсқа жем болады. Артынша сүйегін «бауырлар» құдығына тастайды.  

12. Үндіс атауы санскрит тіліндегі «өзен» сөзінің аудармасы. Ал санскритте үнділіктерді Махабхарата эпосындағы патшаның құрметіне «Бхарат» деп атайды.

13. Үнділіктер британдықтардың «крикет» ойынын өте жақсы ойнайды.  

14. Үндістанда екі ресми тілі бар: ағылшын және хинди. Мұнымен қатар 17 тіл үндістанның өзге аудандарында үстемдік етеді. Мемлекет тұрғындары 1650 диалектіде сөйлейді.

15. Үндістер тамақтануға отырмас бұрын қолдарын, аяқтары мен беттерін міндетті түрде жуады. Көптеген отбасыларында әйелдері ерлері тамақтанып болған соң ғана үстел басына отырады.

16. Қаралы күндері ақ түсті киімдер киеді. Жесір әйелдерге арналған арнайы киімдері де бар.

17. Үндістандықтар сағаттық белдеуғе мән бермейді. Барлық қалаларында уақыт бірдей.

18. 1947 жылы 15 тамыз Тәуелсіздік күнінде Үндістан мен Пәкістан екіге бөлініп, өз алдыларына жеке мемлекет атанды. Қақтығыс нәтижесінде 1,2 миллион адам қоныстарын ауыстырып, миллиондаған адам қаза болды.

19. Фильмдерде көретін құдайларының мүсіндері грек мүсіндеріне ұқсас. Олармен Ескендір Зұлқарнайын басып кіргенде танысқан.

20. Олар ағылшын тілін өте жақсы меңгерген.

21. Үндістердің Варанаси қаласын б.з.б. 500  жылдары «ежелгі қала» деп атайтын.

22. Үндістан көп уақыт алмас тастардың отаны болған. Бұл жағдай 1896 жылы өзгерді.

23. Ганга өзенінде акулалар бар екенін көпшілік біле бермейді. Мұнымен қатар ол адам етіне ерекше құмартатын түрі.

24. Queen тобының фронтмені Фредди Меркьюридің арғы аталары үндіс болған.

25. Үндістанның 8 ауданындағы кедейлер саны Африканың 26 ауданындағы кедейлер санынымен салыстырғанда көп.

26. Үндістанда Адольф Лу Гитлер есімді саясатшы тұрады. Өзіне есімінің ұнайтындығын айтады.

27. 20 ғасырдың бірінші жарты жылдығында қыз балалар 13 жастан бастап тұрмыс құратын болған.

28. Туристер үнділіктердің Гоа штатына жиі қыдырып барады. Ол жер Португалиямен қақтығыстың нәтижесінде үнділіктерге 1961 жылы тиесілі болған.  

29. Ондық жүйе мен нөлдік концепция б.з.д. 100 жылдары ойлап тауып, алгебра мен тригонометрия саласына үлкен үлес қосқан.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: planet.ru

Қ. Бүйенбай