Туристерге арналған кеңестер

Туристерге арналған кеңестер

Алыс-жақын шетелге бірінші мәрте саяхат жасағалы жатырсыз ба? Бұрын-соңды шетелде демалмаған ба едіңіз? Олай болса, мына нұсқау-кеңестер сізге арналады.

Туристік агенттіктердің қызметі

Туристік жолдамалар бағасы барлық агенттіктерде бірдей. Айырмашылығы тек көрсетілетін қызметте ғана болуы мүмкін. Кейбір туристік агенттіктерде маусымдық жеңілдіктер мен тиімді ұсыныстар болады. Бұл сіздің ақша-қаражаттарыңыздың үнемдейді.

Келісім-шартпен таныспай жатып, қол қоюға болмайды

Ең бастысы, туристік агенттіктермен келісім-шарт жасаған кезде мұқият болыңыз! Себебі, саяхат алдында сіз арман-қиялға беріліп, демалысыңызды жоспарлап қоясыз. Бұл, әрине, жақсы. Тек бұл келісім-шартқа қол қойған кезде абай болыңыз. Аңғалдығыңыздың салдарынан келісім-шартпен дұрыс таныспай, кейбір дүниелерге көз жұма қарап, қол қоя салуыңыз әбден мүмкін. Келісім-шартта саяхат жайлы барлық ақпарат, қонақүй, әуе билеттері, сақтандыру мен қауіпсіздік мәселелері т.с.с. қарастырылуы тиіс.


Сақтандыруға немқұрайлы қарамаңыз

Медициналық сақтандырудан тыс кетіп қалмаудың сақтандыруы болады. Себебі, демалыстан бас тартуға тура келетін жағдайлар тууы мүмкін. қажет. Саяхат алдында сіздің я жақын туыстарыңыздың денсаулығы сыр беруі мүмкін.

Әдеттегі медициналық сақтандыру туристік саяхаттың басты бөлшектерінің бірі болып табылады.  Егер де сапар барысында денсаулығыңыз сыр берсе, міндетті түрде, сақтандыру агентімен байланысқа шығыңыз.

Ұқыпты болыңыз

Құжаттарыңыз бен ақша-қаражаттарыңызды қонақүйдегі сейфте сақтаңыз. Міндетті түрде, құжаттарыңыздың көшірмесін жасап алыңыз.

Жүк түбіртегін сақтап қойыңыз. Белгісіз себептермен жүгіңіз жоғалған кезде, сіз жүк түбіртегінің негізінде өз дүниелеріңізді таба аласыз.

Авиакомпаниялардың талаптарын орындаңыз

Авиакомпания ең басты талаптарының бірі жүк салмағы рұқсат етілген көлемнен асып кетпеу керек. Асып кеткен жағдайда, артық салмақ үшін қосымша ақы төлейсіз. Сондай-ақ, қай елден қандай тауар алып шығуға болатынын алдын ала біліп алыңыз.

Тіркеуге кешікпеңіз

Тіркеу рейс алдында 2-3 сағат бұрын жүргізіліп, ұшаққа мінуге 40 минут қалғанда тоқтатылады. Сондықтан да, тіркеуге кешікпей келіңіз!

Жергілікті ережелерді сақтап, салт-дәстүрлерді сыйлаңыз

Барғалы жатқан елдің тыныс-тіршілігі мен дәстүр-жоралғысына құрметпен қараңыз. Жергілікті ережелер мен қағидаттарға сүйеніңіз. Мұсылман елдерінде қалай жүру керектігін, Азия елінің ерекшеліктерін алдын ала біліп алыңыз.

Суреттер: vidpochivay.com

Ғ. Ұзақ