Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Шығыстың тәтті тағамдары

Шығыстың тәтті тағамдары

Шығыстың тәтті тағамдары

Қиыр Шығыс пен Азия елдерінде демалған жан, міндетті түрде, өзімен бірге базарлық ретінде шығыстың балдай тәтті тағамдарын ала келеді. Дәмді алуа мен козинактар, алуан түрлі рахат-лукум мен шәрбаттар көздің жауын алатыны жасырын емес. Тек оны таңдаған кезде аса мұқият болу керек. Себебі, шығыс тәттілерінің зияны болуы ғажап емес.

Козинактар

Бұл тәтті тағамның шыққан жері - Кавказ елі. Грузия мен Армения елдерінде козинактар молшылық пен ырыс-береке нышанына айналған. Міндетті түрде, бұл тағамды мерекелік дастарханға қояды. Уақыт өте келе, бұл тағам Шығыс елдеріне жол тартқан. Козинак жаңғақтар мен кунжут я шемішке дәнектерінен жасалады. Арабтар козинактарды түйе жаңғақтардан жасайды. Себебі, түйе жаңғақтар ойлау қабілетінің жұмысына пайдасын тигізеді. Жаңғақтар мен дәнектерді балмен араластырады. Қыздырған кезде бал біраз дәрумендерін жоғалтып алса да, ол өте пайдалы тағам. Бал ағзадағы зат алмасу процесін жақсартып, иммунитетті көтереді.

Алайда, козинактар тіс ауруларының тууына ықпал етеді. Қатты тағам салдарынан тіс эмалі әлсірейді. Көп мөлшердегі қант та денсаулыққа кері әсерін тигізеді.

Нағыз козинактар таза балдан жасалынады. Кейбір жағдайда өндірушілер бал орнына сұйытылған я ерітілген қантты пайдаланады. Козинак таңдаған кезде оның сыртқы келбетіне назар аударыңыз. Қаралау болса, козинак күйіп кеткен және дәмі ащы болып келеді.

Рахат-лукум
Аңыздарға сүйенер болсақ, рахат-лукум Түркия сұлтандарының бірінің арқасында пайда болған. Ол аспазшыларына жаңа өнім ойлап табуды бұйырады. Патшасының көңілін аулау мақсатында сарай аспазшысы тәтті тағамды ойлап табады. Бұл тағам сарай басшылығы мен қонақтарына қатты ұнап кеткен.

Рахат-лукум- крахмал, миндаль жаңғағы мен қант қосындысы. Миндаль жаңғағы қан азаюы кезінде көмекке келеді. Сондай-ақ, теріні жақсартап, көздің көру қабілетіне оң әсерін тигізеді. Ал қант пен крахмал салмақтың артуына ықпал етеді. Әдетте, рахат-лукумды қаймақ пен жеміс-жидек сусындарына қосады.

Лукумның әр бөлшегі бір пішінді болу керек. Егер де бөлшектердің қиыр жағы ішке қарай тартылған болса, бұл өнімнің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен немесе тағам дұрыс сақталмаған. Рахат-лукумды таңдаған кезде саусағыңызбен басып көріңіз. Нағыз рахат-лукум пішінін жоғалтпай, бастапқы қалпына келеді. Қорабқа я пакетке жабыспайды. Сондай-ақ, ол әркез жалтырап тұруы керек.

Алуа
Алуаның шыққан жері – Парсы елдері. Б.з.д. V ғасырда парсы аспазшылары тәтті тағамды дайындау жолын тапқан соң, ол алыс-жақын елдерге тарала бастады. Еуропаға алуа Крест жорықтары кезінде  келген.

Тәтті тағамды дайындау үшін дәнектер мен жаңғақтар керек. Оларды үгіттеп, қант, бал және крахмалмен араластырады. Кей кезде алуаға май, мейіз, ванилин, ұн қосады. Микроэлементтерге толы дәнектер мен жаңғақтардан жасалған алуа иммунитеттің артуына, көздің көру қабілетінің жақсаруына оң ықпал етеді.

Қант пен майдың көп болғандықтан, алуа калорияға толы тағам. 100 граммның өзінде 500-600 ккал болады. Арықтауды мақсат еткендер мен аллергиялық дертке көп шалдығатын жандардың алуаны татып алмағаны жөн.
Нағыз алуа түсі ақшыл келеді. Кішкене үгітіліп тұрады. Егер де алуа үстінде ылғалдылық болса, онда оның мерзімінің жарамдылығы өтіп кеткен немесе қантты көп мөлшерде қосқан.

Тәтті тағамдарды Түркия, Мысыр, Біріккен Араб Әмірлігі сияқты бірқатар мұсылман елдерінен алуға болады.

Суреттер: abouturkeytravel.com, phototimes.ru, meliofoods.com, thewomenlife.com

7858 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 02 сәуір 2012, 13:00
Пікірлер
+0
02 сәуір 2012, 13:48

Алуа деген есім осы тәттіден шыққан екен ғой. :)

+0
02 сәуір 2012, 14:53

Алуа- жұмақтағы гүлдің аты дегенді естігем

+0
02 сәуір 2012, 13:53

Алуа дегенді жеп көрмеппін, бізде сатылады ма екен? :roll:

+0
02 сәуір 2012, 14:01

Алуа деген халва ғой)) Қалайша жеп көрмедіңіз? Әлбетте, сатылады :lol:

+0
02 сәуір 2012, 14:04

ееееее, рақмет, Ғазиза, аты басқа болғанға ол бір қол жетпес тәтті тағам десем :mrgreen:

+0
02 сәуір 2012, 14:05

Суретінен аңғаруға болар еді ғой :lol: Тек шетелдің алуасы мен біздің алуасының дәмі жер мен көктей ғой :cry:

+0
02 сәуір 2012, 14:09

қарадым ғой, ұқсамады :( иә мүлдем басқа, менің үйімде Үндістаннан келгені тұр, әттен алыстаусын, әйтпесе Делидің тәтті алуасымен бір шай берер ем))))))))))))))

+0
02 сәуір 2012, 14:10

Әттең-ай, әттең. Жақында Астанадан біз жаққа Аида келеді. Сол қыздан беріп жіберерсіз))

+0
02 сәуір 2012, 14:16

тошшшшшно))))))) ыңғайы келіп жатса міндетті түрде беріп жіберемін :!:

+0
02 сәуір 2012, 14:17

мен алуаның "Алматинский продукт" деген жерде қалай жасалатындығын айтсам екінші жеместей боласыңдар!

+0
02 сәуір 2012, 14:19

:shock: Мәссаған! Олапй бюолса, құпияны ашсаңыз :arrow:

+0
02 сәуір 2012, 14:23

қатты таңқалғандығыңыз соншалық пернелеріңізді баса алмай қалдыңыз ғо :lol:

+0
02 сәуір 2012, 14:24

Айтпаңыз, білгім келіп кетті ғой :D

+0
02 сәуір 2012, 14:27

кыскасы антисанитария!!!

+0
02 сәуір 2012, 14:28

Ой, онсыз да белгілі ғой :?

+0
02 сәуір 2012, 14:30

бракованный алуалар бөшке бөшкесімен тізіліп тұрад, көп шыгын болмас үшін соларды жасалываткан халвалардын арасына косып жіберед :!:

+0
02 сәуір 2012, 15:55

Болды енді алуа алмайтын болдық :!:

+0
02 сәуір 2012, 17:53

айттымғо!

+0
09 сәуір 2012, 20:03

Ғазиза, алуаны поездге салып жібердім, ертен 10.04.2012 жылы сағат таңғы 07:40-та АЛМА АТА 2 вокзалға келеді, поезд № 002Т АСТАНА-АЛМА АТА 2, 18 вагон, жолсеріктің есімі Азат, тел. нөмірі: 8-701-666-96-77))))))) (ақшасы төленді)

+0
10 сәуір 2012, 09:04

Мәссаған! Рас па, Сәния?!

+0
10 сәуір 2012, 09:06

Ғазиза. шын, Азатқа звондашы, ол айтқан, поездге келмесе, вокзалға біреуге қалдырып кетемін деп :!:

+0
10 сәуір 2012, 10:22

Ғазиза, не болды, алуамызды жолсерік жеп қоймап па?))))))

+0
10 сәуір 2012, 10:25

Иншаллах, түсте алармын)

+0
10 сәуір 2012, 17:46

Сәния, сыйыңды алдым. Құрметіңе үлкен пост жазамын :P

+0
10 сәуір 2012, 17:59

))))))))) ас болсын, жанындағысы үндінің шайы, оны былай дайындайсын: жарты литр сүтті қайнатасын, оған бір үлкен қасықпен шай саласын, жарты кесе су қосасын да, тағы біраз қайнатасын, қант қосуына болады, сүзіп аласын, керемет үндінің шайы дайын болады))))))))

+0
02 сәуір 2012, 14:43

Конизакты сүйем :D

+0
02 сәуір 2012, 16:05

түрінен-ақ коринип тур гой татиииии екени

+0
02 сәуір 2012, 17:37

Құрғыр мой мирдің дерті. Жартылай қазақ әріптері де, жартылай орысша. :(

+0
02 сәуір 2012, 17:41

мммммммммммм

+0
02 сәуір 2012, 21:23

Лукумммммммммм..................... ;)

+0
02 сәуір 2012, 21:33

Лукум мен Алуанын дәмін коргем!!!! мммммммммм қандай дамді!!!!!!!!!!"" :mrgreen: :mrgreen: :D :oops:

+0
12 мамыр 2012, 20:43

ммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммм Дәмді секілді ) жегім кеп тұр :cry:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...