Одесса - әзіл-оспақ қаласы

Одесса - әзіл-оспақ қаласы

Украина елінің астанасы Одесса қаласы таңғажайып табиғаты, тұнық теңізі, қызықты тарихымен ғана емес, әзіл-қалжыңымен кеңінен танымал. Одесса қаласын «Әзіл-оспақ қаласы» деп атайды. Себебі, бұл қаланың әзілдері бүкіл әлемге белгілі. Одесса қаласы 1 сәуір Күлкі күнін ресми түрде атап өтіп, 3 күн демалады.

Одесса тек Украина ғана емес, күллі ТМД елдерінің арасындағы ең әзілқой қала. Қала тұрғындары әзілге жақын жандар. Жергілікті әзіл-оспаққа толы әңгімелерді түсіну үшін бұл қалада кем дегенде 5 жыл өмір сүру керек. Кейбір әзілдер өте дөрекі әрі ақылға қонбайды. Күлкі күні бұл әзілдердің саны арта түседі.

1 сәуір Күлкі күнін Одесса халқы Юморина деп атайды. 1972 жылы Одесса қаласында «Юморина» командасы құрылды. Олар көңілді тапқырлар клубында (КВН) бой көрсетіп, бірнеше рет жеңімпаз атанды. Көп ұзамай КТК бағдарламасы жабылып қалды. Содан кейін команда мүшелері «Юморина» деп аталатын әзіл-оспақ фестивалінің негізін қалады. 1973 жылдың 1 сәуірінде алғашқы фестиваль «Одессит, тоқта! Бір сәтке ойланшы: сен қаланың миллионыншы тұрғынының туылуына қандай ықпал еттің?» деген ұранмен өтті. Осыдан кейін жыл сайын өткізілетін фестивальдің өз ұраны, белгілі бір тақырыбы және әнұраны бар.

Күлкі күнін Одесса тұрғындары мен қала қонақтары ерекше атап өтеді. Мереке күндері қала көшелерінде ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылып, жаңа ескерткіш я мүсіннің ашылу салтанаты өтеді. Қалада дүниеден өткен танымал тұлғалардың мүсіндері мен белгілі бір шара құрметіне қойылған ескерткіштер өте көп. Әр алаң мен көше бойында көңілді шерулер жүріп өтіп, сатиралық кештер ұйымдастырылады. Осы кезде КТК ұлттық лигасы кезекті маусымын ашады.

Суреттер: grand-ukraine.com.ua, umorina.od.ua

Ғ. Ұзақ