Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Гагарин өлімінің ақиқаты

Гагарин өлімінің ақиқаты

Гагарин өлімінің ақиқаты

1968 жылдың 27 наурызында сағат оннан он минут кеткенде, Юрий Алексеевич Гагарин нөмірі он сегізінші МиГ–15УТИ кемесінің алдыңғы кабинасында отырып, ғарышқа ұшады. Ғарыш кемесі Щёлководағы Чкаловсский аэродромынан көтерілген болатын. Бұл жолғы сапарға жасалған жағдайдар бірқалыпты еді.

Осыдан біршама уақыт, яғни, 13-22 наурыз аралығында дәл осы көлікпен 18 рет сапар жасаған болатын. Енді оған бар болғаны екі ғана тапсырманы орындау қалған кезде, бәрі де күл-талқан болды.

Әдеттегідей кеменің артқы орындығында ұшқыш-инструктор, полк командирі, Кеңес Одағының батыры Владимир Серегин отырған екен.

Жоспар бойынша, 10 сағат 30 минутта Гагарин сапардың меңгерушісіне: "Жиырмасыншы аймақтағы тапсырмаларды орындадым, қайтуға рұқсат беруіңізді сұраймын" деген хабарлама жібереді. Мақұлдауды естіген Гагарин: "Түсіндім. Орындаймын" деп жауап қайтарады.

Одан кейін Гагаринның дауысын ешкім естімеді.


Бірнеше уақыттан кейін ұшу аймағында іздестіру жұмыстары басталады. Сағат 14:50 де тікұшақтардың бірі МиГ–15УТИ  кемесінің қалдықтарын тауып алады. Бұл Владимир облысындағы Киржача қаласынан 18 шақырым алыс жердегі Новоселово деп аталатын ауылдың аймағында еді. Іздеушілер келесі күні азанда бір бұтаққа ілініп қалған Гагаринның күртешесінің жұлымын (қалтасында тамақ ішуге арналған талон болған) кезіктіреді. Біршама уақыттан кейін Королевтың суреті бар жүргізуші құжаты салынған әмиян табылады.

Осы іс бойынша жұмыс істеген 4 комиссия мүшесі мен екі құпия қызметкер: "Апаттың себебі – әуе жолында болған кедергілер. Техникалық көмектер болмаған соң, кеме жерге құлап кетті" деп жылы жауып қоя салған болатын.

45 жыл бойы екі ұлы ұшқыштың өлімдерінің ақиқаты айтылмай келді. Бұл туралы мыңдаған тұжырым, алып-қашпа әңгімелер айтылды да, бірақ шындықтың қара қазаны жабулы күйі қалып қойды. Оны тіпті Гагаринның отбасы да білмейтін.

Әлем күткен ақиқатты Алексей Архипович Леонов бүгін ғана  айтып отыр. Сол күні Жуковский аэродромынан ұшқан Су–15 ұшағы қойылған ережелерге бағынбай, өзімшілдік танытып, жолдан шығып кетеді. Ұшақ бұлт арасында Гагарин отырған ұшаққа 10-15 метр жақын келеді де, оны бағыттан ауытқытып жібереді. Тұтқиылдан пайда болған ұшақты көрген Гагарин жылдамдығын арттырып, нәтижесінде апатқа ұшырайды. 

Айтпақшы, осы Су–15-тің ұшқышы әлі күнге дейін тірі жүр. Ол кім дейсіз бе? Оның енді маңызы да жоқ. Бастысы, Гагаринның есімі әлем халықтарының жадында мәңгі қалып, әлем тарихына алтын әріптермен жазылды.

 

Суреттер: lenta-ua.net,skopelidisvitaliyblog.blogspot.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

3517 3
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 17 маусым 2013, 10:30
Пікірлер
+0
17 маусым 2013, 11:00

Кім біледі, мен әулие Ванга әжей туралы жазылған кітапты оқып отырғанымда, Юрий Гагариннің тірі екендігіне кепілдік берген мәліметті кездестіргем.

+0
17 маусым 2013, 12:31

Бірінші абзацта болатын, болды сөздері қатар қолданылған екен. Одан да екі жай сөйлемді бір құрмаласқа айналдырған жөн болар еді. Және мақалаларда диалект сөздер қолданылмауы керек. "Азанда" деген сөздің орнында таңертең деп жазылған абзал. Аударма сияқты ма, түсініксіздеу...

+0
18 маусым 2013, 08:10

Айтылмаған, ашылмаған қаншама құпия бар деш

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...