10 жылдан кейін жануарлармен сөйлесе аламыз

10 жылдан кейін жануарлармен сөйлесе аламыз

Жануарлардың мінез-құлқын зерттеуші белгілі ғалым, профессор Кон Слободчиков айдай әлемді аузына қарата алатын жаңа құрылғы жасау үстінде. Біздер 5-10 жылдан кейін осы құрылғы арқылы жабайы және үй жануарларының тілін түсіне алатын боламыз.

Ғалымның сөзіне сенер болсақ, бір әдемі күні ұялы телефон көлеміндегідей құрылғы арқылы адамзат баласына жан-жануарлармен еркін қарым-қатынас құру мүмкіндігі беріледі.

Әзірге профессор жанурарлардың дыбыстарын түсінуге тырысып, иттердің үруін жазып алып жүр. Ғалымның арнайы бағдарламалардың көмегімен дыбыстардың мағынасын ашатын жоспары бар. Оның айтуынша, кеміргіштердің көпшілігі жақындап келе жатқан қауіпті бүге-шүгесіне дейін бір-біріне айтады екен.

Слободчиков өзінің тілшілерге берген сұхббатында жан-жануарлардың дыбыстық дабылын тануға арналған құралды жасап шығаруға бүгінгі технологияның жеткілікті екенін, алайда оны жасап шығаруға кететін уақыттың 5-10 жыл аралығында болатынын баса айтты.

Суреттер: byaki.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева