Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Тас құшағындағы ауыл

Тас құшағындағы ауыл

Тас құшағындағы ауыл

Таңқаларлық Монсанто ауылы Португалия тауларының етегінде орналасқан көркем көріністің Отаны саналады. Сөзіміздің растығын алып қойтастар мен тар көшелердің арасында орналасқан мына бір үйшіктер дәлелдей алады. Ғажап емес пе? Құдды тастан қашап, кесіп жасағандай көрінеді.

Ауылдың сыртқы көрінісі бірнеше ғасырлар бойы өзгермей келеді. 1938 жылы Ұлттық байқау нәтижесінде Монсантоға "Португалияның ең португалиялық ауылы" деген атақ берілді. Содан бері бұл ауылға үкімет тарапынан "тірі мұражай" ретінде қамқорлық танытылып, құрмет көрсетілуде. 

Аталған жерге қоғамдық көлікпен жету өте қиын, бірақ ауыл атмосферасы мұндай қиын саяхатқа тұрарлықтай екендігіне кепілдік бере аламыз.

Қандай қиындық дейсіз бе? Бұл жерге тік ұшақ та, пойыз да қатынамайды, ауылға жетудің бірден-бір жолы – автокөлікті жалға алу. Келесі бір кедергі – ауылда ешқандай қонақ үй жоқ болғандықтан, саяхат барысында автокөлікке қонуға тура келеді. Десе де, ауыл тұрғындары өз үйлерінен бірлі-екілі бөлмелерді туристерге жалға береді. Бағыңыз жанып, бос орын таба алсаңыз, түніңізді естен кетпестей етіп өткізуге болады.

Тағы бір қызығы, Мосанто ауылы жоспарлы түрде ұйымдастырылмаған екен. О баста Mons Santus аталатын қамалға жолда төселген граниттердің кесірінен жету өте қиын жұмыс болатын. Бұл жерге үй соғу дегеннің өзі ойлауға болмайтын жоспар еді. Бірақ жоғарыда аталған қамалға жету үшін осындай тастар орнатылады да, кейіннен бұл тастар үй соғу жұмыстарына қатыстырылып, едәуір халық мекендейтін ауылға айналып шыға келеді.

Монсанто ауылы – Еуропаның ең көрікті әрі туристердің жоғарғы сұранысына ие туристік мекендерінің көшін бастап тұр. Жазғы демалысыңызды сыры мен қыры мол қалада өткізуге ештеңе кедергі келтірмейді. Бастысы – мұнда тыныштық, тазалық, жайлылық бар.

 Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

2554 7
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 29 мамыр 2013, 18:59
Пікірлер
+0
29 мамыр 2013, 21:36

Тамаша!!!!!!!!!!! Неткен кермет!!!???

+0
29 мамыр 2013, 21:36

Тамаша!!! Неткен керемет!!!???

+0
29 мамыр 2013, 21:56

мээ тамаша!!!!!! :!: :!: :!:

+0
30 мамыр 2013, 04:12

қорқынышты аздап )

+0
30 мамыр 2013, 09:48

Құдайдың құдіреті!

+0
31 мамыр 2013, 08:21

Қорқынышты. Жер сілкінсе ше???

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...