Белгісіз біреу лотереядан 590 миллион доллар жеңіп алды

Белгісіз біреу лотереядан 590 миллион доллар жеңіп алды

АҚШ-тың Флорида штатында жеңімпазға 590 миллион доллар сыйлауы мүмкін Powerball лотереясының ұтыс билеті сатылды. CBS-тің хабарлауынша, лотереяның Айовадағы ресми өкілі Терри Рич барлық алты ұтыс санына сәйкес келетін билеттің сатылғанын растаған. Билет иесі әзірге белгісіз.

Сәтті билетті иелену шансы өте төмен болған - 175 200 000-ке 1.

Reuters-тің мәлімдеуінше, аталған джек-пот 2012 жылдың қараша айында Powerball ойнатқан рекордты ұтыстан (587,5 миллион) асып түскен.

АҚШ елінде ең мол ұтыс 656 миллион долларды құрайды. Оны өткен жылдың наурыз айында Мэриланд, Канзас және Иллинойс штаттарынан шыққан үш жеңімпаз өзара бөлісіп алған болатын.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: mirfactov.com

Ж. FM