Сүйісетін гүл ерні

Сүйісетін гүл ерні

Жер бетіндегі ең көз тартар тартымды өсімдік ретінде асқақ психотрияны (psychotria elata) айтуға болар. Халықта оны "Ыстық ерін" деп те айтып жатады. Білгіңіз келсе, азғырған әдемі еріндерді еске салатын гүл жапырақтары осы.

Осы бір ғаламат өсімдік дүниесі Оңтүстік және Орталық Американың тропикалық ормандарында өседі. Және Колумбия, Коста Рика, Панама мен Эквадор секілді елдерде кеңінен танымал.

Психотрия өзінің тамаша, көз арбар түсімен колибра (кішкене құс) мен көбелек секілді тозаңдатқыштарды аулайды. Аулау демекші, орман ағаштарын шектен тыс отау нәтижесінде бірнеше жыл бұрын табиғаттың тамаша туындысы жойылып кетудің аз-ақ алдында қалыпты.

Сондықтан, табиғат-ананың ернінен бір сүйіп, алғыс айтқыңыз келіп бара жатса, онда жаз демалысында оңтүстікамерикалық ормандарға ат басын бұрыңыз. Алқызыл түсті табиғат көз тартары сізді күтеді!..

Сурет:paseandoconsofy.blogspot.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига