Жер ластануы рекордтық деңгейге жетті

Жер ластануы рекордтық деңгейге жетті

Ғалымдар жер ғаламшарының атмосферасындағы көмірқышқыл газдың рекордтық деңгейдегі концентрациясын тіркеген.

Соңғы мұз дәуіріне қарағанда кейінгі дәуірде ауаның ластану деңгейі 100 есе көп жылдамдықпен артып келеді екен. Гавай аралдарында орналасқан Мауна-Лоа атты станция ауаның құрамын бақылайды. Станцияның таратқан ақпараты бойынша, көмірқышқыл газ бір шаршы метр ауа құрамында 400 миллиллитр бөлікті құрайды. АҚШ ғалымдары мұндай көрсеткіштің соңғы рет тек соңғы мұз дәуірінде ғана болған деген дерек таратқан, нақтырақ айтсақ, үш немесе бес миллион жыл бұрын. Естеріңізге сала кетейік, ауа құрамында көмірқышқыл газының артуы ғаламдық жылыну сияқты катастрофаға алып келеді.

Мауна-Лоа станциясының (төменгі суретте) дерегіне сенсек, Тынық мұхитының орталық аумағында әлемдік өндіріс орталықтарынан қашықта орналасқан нүктелерде мұндай көрсеткіштің болуы ғаламдық жылынуға алып келетін бір фактор болып отыр.

Жарты ғасырдан астам уақыт бойы бақылауда болған ауа құрамындағы көмірқышқыл газы еселене түскен. 1950 жылдар соңында ауа құрамындағы көмірқышқыл газ үлесі жыл сайын 0,7 миллион есе көтерілсе, соңғы онжылдықта бұл көрсеткіш 2,1 миллион есе жоғары екенін анықтаған.

АҚШ Мұхит және атмосфералық зерттеулер ұлттық басқармасының аға ғылыми қызметкері Питер Танс «Ғалымдар үшін бұл көрсеткіш жаңалық емес. Оған нақты дәлелдеріміз де болатын» дейді.

Өндірістік дәуірге дейін ауадағы көмірқышқыл газының концентрациясы 280 миллион бөлікті құраған. Қыс мезгілінде бұл көрсеткіш көтерілсе, ал басқа мезгілдерде төмендейтін болған. Себебі өсімдіктер оның кейбір бөліктерін жұтып алады екен.

Скриппса Ральф Килинг, Океанография Институтының зерттеуші-геохимигі:

- Менің әкем ауа құрамындағы көмірқышқыл газ мөлшерін Мауна Лоа станциясында 1958 жылдан бері бақылаған. Біз ауа құрамындағы газдың 400 үлеске жетуін болдырмауымыз керек еді. Бірақ одан кейінгі болатын жағдайлардың барлығы да өз қолымызда және біз табиғатты сақтап қала аламыз. Бұл болашақта қазба энергияларына қаншалықты тәуелді болатынмызға байланысты.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: azerbaijan-irs.com

А. Құлтай