Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Ауа-райына қатысты алмағайып суреттер

Ауа-райына қатысты алмағайып суреттер

Ауа-райына қатысты алмағайып суреттер

Осы бір топтамада ауа-райына қатысты сирек суреттерді ұсынғалы отырмыз. Тіпті, олардың бір қатары қара-ақ. Есесіне, ең басты назарға алатыны, аталған суреттердің дені әуесқойлардың қолымен түсірілген. Әрине, сол уақытта сол жерден табылған сол кісілер... 

Дәл мұндайдың қайталана қоюы екіталай.

Осы бір суретті қайталауға ешкімнің батылы жете қоймас. Мэри МакКуикен өз інілерін Ұлттық парктегі (Калифорния) Моро жартасында суретке түсірген сәтте, екі секунд өтер-өтпесте найзағай түскен.

Саяхатшы сол сәтте-ақ тіл қатпай кетсе, сол жақ қапталда тұрған інісі Шон ауыр жарақаттардың нәтижесінде көз жұмған.

Бұл тұс – 1975 жылдың тамызы, Сьерра-Невадада отбасының саяхаттап жүрген кезі. 

Фотоөнердің тарихында торнадоға қатысты фантастикалық қаншама суреттер түсірілді десек те, олардың бірде-бірін осы суретпен қатар қоя алмаймыз. Бейқам Одра Томас суретке түсіп тұрған сәтте, арт жағында Ф1 дәрежелі торнадо жақын маңдағы үй-қожалығына қарай жылжып бара жатқан еді. Суретке бір қарап қамсыз қыздың ескерткіш алдында қылығы қылаң беретіндей. Торнадо үй-қожалығы ішімен өтіп, жолда тұрған қойманы быт-шыт қылған.

Бұл тұс – 1989 жылдың сәуірі, Небраска, Бивер-Ситиден оңтүстік тарапта. Фото Одраның шешесі Мэрили Томастікі.

Бір емес, екі емес, үш емес, төрт бірдей құйын көлбей кетіп бара жатқан. Кипрден алыс емес маңдағы Жерорта теңізінде түсірілген. Аталған суреттің дәл қай жерде, дәл қай сағатта түсірілгені туралы еш дерек жоқ, бірақ. Фото Роберто Гьядистікі.

Сібірдің солтүстік-шығысындағы "Суық белдеуі" – Оймякон және Верхоянск қалаларының елді-мекендері шоғырланған, қыстағы орта температураның өзі минус 55° градус Цельсийді құрайтын әлемдегі ең суық жерлердің бірі. Кеңес уақытында балаларға үнемі күн жылуы жетіспейтін қараңғы әрі суық сібір қысына төтеп беру үшін ультракүлгін сәулелендіру арнайы курстары жүргізілетін болған.

Сурет кәсіби маман Марк С. Уэкслердікі. 

Нью-Йорк штатындағы, Буффало қалашығында орын алған. 1977 жылдың қаңтарындағы Ұлы Боран. Жел жылдамдығы дауылдың күшіне пара-пар болып, үйлердің терезе-есіктерін бұзып, бөлмелерді метр бойына қарға толтырып тастапты. 

Сол бір жылдың қысы суық болғаны соншалықты, кейбір ғалымдар "кіші мұз басу дәуірі" орнады деп сендірген.

Фото Дино Иннандреанікі және ең бірінші рет «Буффало бораны» кітабына енген. Эрно Россидің авторлығымен суретке "Ақ өлім" деп ат қойылыпты.

Намибия, Оматако тауы. Тау биігінде екі бірдей бұл үйірлеу процесі жүріп жатыр. 2004 жылдың ақпанында орын алған. Әрине, дәл осы қалыптағы суреттер жетерлік. Алайда, екі бірдей тау биігін үйірлеген бұлттың суреті - бұл енді басқаша әңгіме.

Фото Вивека Венегастікі.

2011 жылдың маусымы, Небраска. Теңіз бен дауылдың ерекше мінезге ие болған сәті. Суретті түсірген фотограф Майк Холлингсхедтің өз сөзімен айта кетсек: "Осы бір теңіз дауылы аспандағы алапат цунамиге ұқсап кетті".

Теңіздің ашық бетінде жүрген құстар дауыл мен тайфун сәтінде кемелерден пана іздейді. Жақын маңдағы кемелерге тығылуға тырысады. Дәл осындай жағдай 1926 жылдың тамызында қайталанған. «С.С. Уэст Куичи» атты жүк кемесі Мексика шығанағынан өтіп бара жатыпты.

Суретті түсірген адамның аты-жөні белгісіз. Айвен Рэй Таннхиллдің "Дауылдар: олардың табиғаты және тарихы" (1938 жыл) кітабынан алынған.

Небраска штаты, Линкольн. 1936 жылдың 25 шілдесі. Осы бір күн Америка тарихына ең ыстық, қапырық түн болып енген. Себебі, температура күн бойында + 46°-қа дейін көтерілген. 

Бұл суреттің артықшылығы – ыстықтаған адамдардың үкімет үйінің алдындағы алаңқайда ұйықтап жатқаны. Суретті кім түсіргені белгісіз. Мұрағаттардың бірінен алынған.

сурет:espanol.wunderground.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

4563 3
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 30 сәуір 2013, 13:52
Пікірлер
+0
30 сәуір 2013, 23:33

Найзағай түспес бұрын соңғы күлкілері болған ғо.(

+0
05 мамыр 2013, 01:46

табиғат күшіне шарасызбыз

+0
13 мамыр 2013, 19:23

қызық болғанымен, өтеее қорқынышты :(

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...