Биіктігі 4.4 м болатын Stoopid Tall велосипеді

Биіктігі 4.4 м болатын Stoopid Tall велосипеді

Қазіргі кезде велосипедтің кішкенесі дейсіз бе, үлкені дейсіз бе түр түрі өмірге келді. Жақында осындай үлкен Stoopid Tall bike атты шайтанарбаның бірін Ричи Тбимблом есімді өнертапқыш құрастырып шықты.   

Ол оны Лос-Анджелесте өткен велосипедшілердің жарысында тұңғыш рет көпшілік назарына ұсынылды. Оның биікітігі 4.4 метрді құрады. Қала көшелерімен жүріп өткен велосипедтің үстіндегі Ричи бағдаршамдар мен тоннель төбесіне басын соғып алмас үшін бұғып өтуге мәжбүр болған.

1

2

3

Бұл модельді басқару да оңай емес. Оның салмағы 45 келіні құрайды. Осындай алыпты жинақтап шығу үшін Ричи Тримбл бірнеше велосипедтің бөлшектерін пайдаланған екен. Оның шынжыры да өте ұзын - 10 метр. Ол үшін өнертапқыш 10 велосипедтің шынжырын жалғауға мәжбүр болған. Бірақ, бір қызығы Ричи Тбимблом велосипедті құрастыруға бар болғаны 12 сағат уақытын жұмсаған көрінеді.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет