Оқи отырыңыз

Таудың алдында есеп беріп тұрған жөн...

Автор: Есмұхан Обаев

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Жер жүзіндегі қызықты дәмханалар

Жер жүзіндегі қызықты дәмханалар

Жер жүзіндегі қызықты дәмханалар

Әдетте кафелерде ыстық шәй ішіп, әңгіме-дүкен құрамыз. Әйтсе де, кейбір дәмханаларда тәтті тоқаштан ауыз тиіп қана қоймай, мысықпен ойнап, кір жууға да болады екен.

Жапония

«Шәй ішіп, мысықпен ойна!»

Жапонияның барлық дерлік қалаларында «Мысықтар кафесі» кеңінен танылуда. Оларды Cat Cafe немесе Neko Cafe деп атайды. Мұнда келген әрбір жан бірден өзін мысықтар әлеміне келгендей сезінеді. Әр кафе саны 40-тан асатын мысықтар жүреді. Олардың басым көпшілігі бұрындары иесіз қалған, қаңғыбас көше мысықтары болған.


Кафеге кіру бағасы сағатына 10 долларды құрайды. Сусындар мен ас-ауқат үшін жеке төленеді. Кафеге кірген бойда аяқ киімді шешіп, қолды жақсылап жуу керек.

Бұл кафеге келген жан мысықтармен ойнап, оларды сипап отыра алады. Сондай-ақ, оларға тамақ беріп, ұйықтатуға болады.

«Өзің мен өзгелер»


Жапонияның Касива қаласындағы Urban Design Center Kashiwa-no-ha аумағында Ogori cafe жұмыс істейді. Бұл кафенің өзгелерден ерекшелігі – келген қонаққа ол өзі таңдаған, өзге таңдаған тағамды ұсынады. Кафеге келген қонақ мәзірге көз жүгіртіп, қалаған тағамға тапсырыс береді. Алайда, оның тағамы өзіне емес, өзінен кейін келген өзге кісіге беріледі. Ал ол болса, өзінің алдында тапсырыс берген кісінің таңдауына қанағаттан етуі тиіс. Сәйкесінше, есеп шотты тапсырыс берген адам төлейді.

Амстердам қаласы, Голландия

«Балақайлардың ботқасынан ауыз тиіңіз»

Амстердам қаласындағы Kinderkookkafe деп аталатын дәмхана есігі кез келген жастағы кісілерге ашық. Бұл кафенің аспаздары мен даяшылары 13 жасқа дейінгі балақайлар. Олар үлкен кісілердің көмегімен ас пісіріп, келген қонақтарға қызмет көрсетеді.


Кафе 1981 жылдан бастап жұмыс істейді. Басты мақсаты - кішкентай балаларға ас пісіруді үйретіп қана қоймай, оларды еңбекке, өз ісіне жауаппен қарауға баулу.

Рига, Латвия

«Шарап жерқоймасы»


Рига қаласындағы Rozengr ls мейрамханасы өткен ғасырларға саяхат жасауға мүмкіндік береді. Бұрындары мейрамхана ғимаратында шарап жерқоймасы болған. Бұл күнде келген қонақтар талғамына қарай шарап таңдап, орта ғасыр сарбаздарының сауытын кие алады. Тарихтан сыр шертетін мейрамханаға бармас бұрын, алдын ала тапсырыс беріп қою керек.

Санкт-Петербург, Ресей

«Кір жуып, ас ішейік»


« 400 кір жуу» кафесі Ресейдің Солтүстік астанасындағы ең қызықты әрі танымал жер. Бұл кафеде жас ақындар, жазушылар, суретшілер мен студенттер жиналады. Әр түрлі тақырыптағы іс-шаралар өткізіліп тұрады. Көңілді сұхбаттар мен тәтті шәймен қатар, бұл жаққа келген қонақтар өздерімен бірге лас киімдерін ала келеді. Кафеге кірген бойда мәзірді алмас бұрын, келген қонақ өз заттарын кір жуатын машинаға салып қояды. Содан кейін өзгелермен әңгіме-дүкен құрып, тіпті, дойбы я шахмат ойнап, уақыт өткізе алады.

Суреттер:mary-bu.ru, cabel.name, bugaga.ru, rozengrals.lv

4964 5
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 16 наурыз 2012, 22:00
Пікірлер
+0
17 наурыз 2012, 11:29

Жапонияның мысықтарға толы дәмханасына бара алмас едім. Қызық үшін, бәлкім, барармын. Бірақ, мысықтарды құшағыма алмас едім

+0
17 наурыз 2012, 14:12

Мысық толы кафеге бармас едім. Бірнеше түгіл, бір мысықтың аяғыма оралуынан жиіркенем.

+0
17 наурыз 2012, 17:08

Амстердам қаласындағы балалар кафесі бізде де ашылса ғой. Бізде бала түгілі, үлкен кісілердің өзі ас пісіре алмайды

+0
17 наурыз 2012, 17:21

Мен де мысық өріп жүрген кафеде отыра алмас едім. Сұмдық қой. Басқалары ұнады! Қызық екен.

+0
17 наурыз 2012, 19:32

қосыламын..

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Азандағы мен №2
Азандағы мен №2

"Америкада бұлай, Англияда солай" демей, өзіміздің...

Гормондар ойнайды, лә-лә-лә
Гормондар ойнайды, лә-лә-лә

Адам биология, химия мен физикаға тәуелді... Мойындамай көріңізші

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...