Қоқыстан жасалған портрет

Қоқыстан жасалған портрет

Танымал америкалық суретші Джейсон Мейсир қоқыс қалдықтарынан өзінің сүйікті актрисасы Линдсей Лохан портретін жасап шықты.

Автор Линдсей Лохан оның бұл еңбегіне назар аударып, туындыны үйіндегі қонақ қабылдау бөлмесіне іліп қояды деген үмітте екендігін жасырмады.

о

Бұндай ерекше сыйлықты жасап шығу үшін суретші көптеген бос су құтыларын, темекі қалдықтарын, кредиттік карталарды, тағы да басқа бір қарағанда пайдаға аспайтындай болып көрінетін заттарды пайдаланған.

Айта кетелік, автордың еңбегінде тек қоқыс қалдықтарының пайдаланылуында сыр бар. Бұған дейін актриса осы қоқыс себебінен бірнеше рет басы бәлеге қалған көрінеді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: novostiua.net

Massaget